О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 4 декабря 2015 года № 613 «Об утверждении Правил выплаты средств физическому лицу, включенному в перечень организаций и лиц, связанных с финансированием терроризма и экстремизма, для обеспечения своей жизнедеятельности» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға өзінің тіршілік-тынысын қамтамасыз етуі үшін қаражат төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 613 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға өзінің тіршілік-тынысын қамтамасыз етуі үшін қаражат төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 613 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12823 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 15 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін оған қаражат төлеу қағидаларын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «1. Қоса беріліп отырған Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін оған қаражат төлеу қағидалары бекітілсін». Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға өзінің тіршілік-тынысын қамтамасыз етуі үшін қаражат төлеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық 2020 жылдың 15 қарашасынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi
Басқа 7. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін оған қаражат төлеу қағидалары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 15 қыркүйегі № 871 Бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 613 бұйрығымен бекітілген Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін оған қаражат төлеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін оған қаражат төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді (бұдан әрі – Заң) және қаржы мониторингі субъектілерінің (бұдан әрі – ҚМС) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) енгізілген жеке тұлғаға өзінің және дербес кіріс көздері жоқ өз отбасы мүшелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін қаражат төлеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның өзінің және дербес табыс көздері жоқ оның отбасы мүшелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін Заңның 12-бабы 4-тармағының 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша Заңның 12-бабы 8-тармағында көзделген қаражатты алуға және Заңның 13-бабының 1-1-тармағына сәйкес оларға қатысты тыйым салу шаралары қолданылмайтын операцияларға құқығы бар.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) отбасы мүшелері – жұбайы (зайыбы), ерлі-зайыптылардың ортақ немесе біреуінің кәмелетке толмаған балалары (оның ішінде асырап алынған, асырауындағы немесе қорғаншылығындағы (қамқоршылығындағы), асырауындағы ата-аналары және жұбайының (зайыбының) ата-аналары;
Тармақша 2
2) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесі – уәкілетті орган жасайтын және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің интернет-ресурсында орналастыратын терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізімі;
Тармақша 3
3) уәкiлеттi орган – осы Заңға сәйкес қаржы мониторингiн жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмдi қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын мемлекеттiк орган.
Тарау 2. 2-тарау. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 4-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшалары негізінде терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген тұлғаларға қаражат төлеу тәртібі
2-тарау. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 4-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшалары негізінде терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген тұлғаларға қаражат төлеу тәртібі
Тармақ 4
4. Тізбеге енгізілген жеке тұлғаға еңбек демалысы немесе жалақы түріндегі ақшаны төлеу үшін ҚМС жұмыс орнынан жалақы мөлшері туралы анықтаманы және (немесе) демалыс ақысын төлегенін растайтын құжатты сұратады. Тізбеге енгізілген жеке тұлғаның еңбек демалысы және жалақы түрінде алынған ақшаны дербес табыс көздері жоқ отбасы мүшелеріне төлеу үшін ҚМС мынадай құжаттарды сұратады:
Тармақша 1
1) отбасы мүшесінің жеке басын куәландыратын құжат, сондай-ақ туыстығын сәйкестендіру үшін туу туралы куәлігі;
Тармақша 2
2) неке туралы куәліктің түпнұсқасы немесе зайыбына (жұбайына) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама;
Тармақша 3
3) отбасының әрбір жұмысқа жарамды кәмелетке толған мүшесіне жұмыссыздық туралы анықтама.
Тармақ 5
5. ҚМС Тізбеге енгізілген тұлғаларға еңбек демалысы және (немесе) жалақы түріндегі ақшаны төлеу жөніндегі операцияларды Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын белгілері бойынша күдікті ретінде таниды және уәкілетті органға мұндай операция туралы оны электрондық тәсілмен жүргізгенге дейін бөлінген байланыс арналары арқылы қазақ тілінде немесе орыс тілінде дереу хабарлайды. Уәкілетті орган Қағиданың осы тармағының бірінші бөлігінде көзделген хабарламаны алғаннан кейін оны алған сәттен бастап 24 (жиырма төрт) сағат ішінде операция жүргізу не операцияны жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және оны қазақ тілінде немесе орыс тілінде бөлінген байланыс арналары арқылы электрондық тәсілмен ҚМС-ке жеткізеді. Күнтізбелік ай ішінде Заңның 12-бабының 8-тармағы 1) тармақшасында көзделген ақшаны қайталап алу бас тартуға негіз болып табылады. Егер шешім қабылдау мерзімінің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге келсе, шешім қабылдау мерзімінің аяқталу күні одан кейінгі ең жақын жұмыс күні болып есептеледі.
Тармақ 6
6. ҚМС Заңның 13-бабының 3-тармағына сәйкес операцияларды жүргізу туралы уәкілетті органның шешімін алғаннан кейін Заңның 12-бабы 8-тармағының 1) тармақшасында көзделген Тізбеге енгізілген жеке тұлғаға қаражат төлейді.
Тармақ 7
7. Заңның 12-бабы 8-тармағының 2) тармақшасында көзделген ақшамен немесе өзге мүлікпен операцияларды және Заңның 13-бабының қазақ тілінде немесе орыс тілінде 1-1-тармағына сәйкес тоқтатып қою жөніндегі шаралар қолданылмайтын операцияларды жүргізу туралы шешімді ҚМС дербес қабылдайды.
Тарау 3. 3-тарау. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 4-тармағының 7) тармақшасы негізінде терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген тұлғаларға қаражат төлеу тәртібі
3-тарау. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 4-тармағының 7) тармақшасы негізінде терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген тұлғаларға қаражат төлеу тәртібі
Тармақ 8
8. Тізбеге енгізілген тұлға уәкілетті органға осы Қағиданың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға Қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөніндегі қолданылатын шараларды ішінара немесе толық жою туралы жазбаша дәлелді өтініш (бұдан әрі - өтініш) береді.
Тармақ 9
9. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
Тармақша 1
1) Тізбеге енгізілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 2
2) ақшаны алу үшін пайдаланылатын банктік шоттың бар-жоғын куәландыратын құжаттың көшірмесі (деректеме). Тізбеге енгізілген тұлғаның дербес табыс көздері жоқ отбасы мүшелеріне ақшаны төлеу үшін мынадай құжаттар қоса беріледі:
Тармақша 1
1) отбасы мүшесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, сондай-ақ туыстығын сәйкестендіру үшін туу туралы куәліктің көшірмесі; туыстығын сәйкестендіру үшін туу туралы куәліктің көшірмесін қоса алғанда, отбасы мүшесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 2
2) неке туралы куәліктің көшірмесі немесе зайыбына (жұбайына) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама.
Тармақ 10
10. Уәкілетті орган өтінішті алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті Комитетіне (бұдан әрі – БҰҰ ҚК Комитеті) жіберу үшін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне (бұдан әрі – ҚР СІМ) жібереді.
Тармақ 11
11. ҚР СІМ уәкілетті органнан өтінішті алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны қарау және ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөніндегі қолданылатын шаралардың ішінара немесе толық күшін жою туралы шешім қабылдау үшін БҰҰ ҚК тиісті Комитетіне жібереді.
Тармақ 12
12. Уәкілетті орган ҚР СІМ-нен БҰҰ ҚК Комитетінің өтінішті қанағаттандыру туралы шешімін алғаннан кейін дереу, бірақ оны алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей Тізбеге енгізілген тұлғаны өтініш берушінің өтініш беру арнасы (жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйе) арқылы және тиісті ҚМС-ке қабылданған шешім туралы қазақ тілінде немесе орыс тілінде бөлінген байланыс арналары арқылы электрондық тәсілмен жеткізеді. ҚР СІМ-нен БҰҰ ҚК Комитетінің өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімін алған жағдайда, уәкілетті орган дереу, бірақ оны алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей қабылданған шешім туралы Тізбеге енгізілген тұлғаны хабардар етеді.
Тармақ 13
13. Уәкілетті орган Тізбеге енгізілген тұлғаға өтінішті қанағаттандырудан бас тартады, егер қанағаттандырудан бас тартуға мына жағдайлар:
Тармақша 1
1) өтініш осы Қағиданың қосымшасы бойынша белгіленген нысанға сәйкес келмегенде;
Тармақша 2
2) осы Қағиданың 9-тармағында көзделген құжаттардың толық емес пакетін ұсынғанда;
Тармақша 3
3) ұсынылған құжаттардың дұрыс еместігі анықталғанда;
Тармақша 4
4) БҰҰ ҚК комитетінің өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімі негіз болып табылады. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға қаражат төлеу қағидаларына қосымша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Төрағасына ___________________________________ азаматтан (азаматшадан) ____________________________________ (жеке сәйкестендіру нөмірі) ____________________________________ тұратын мекенжайы _____________________________________ Сізден терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның өзінің және дербес табыс көздері жоқ оның отбасы мүшелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін осы Қағиданың 8-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Қағида) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою бойынша қолданылатын шараларды (ішінара немесе толық) жоюды сұраймын - * сызып көрсету керек. Ақшаны алу кезіндегі негізгі шығыстарды жабу үшін мақсаттар – (тамақ өнімдерін, тұрғын үйді немесе ипотекалық несиені, дәрі-дәрмектерді және медициналық емдеуді, салықтарды, сақтандыру жарналарын немесе коммуналдық қызметтерді төлеу немесе тек мамандарға арналған шығыстарды ақылға қонымды шекте төлеу және заң қызметтерін ұсынуға байланысты шеккен шығыстарды өтеу үшін). - *сомасын көрсету керек (теңгеден) теңге мөлшерінде - * сызып көрсету керек. Қағидаға сәйкес құжаттардың қоса берілген көшірмелері:
Тармақша 1
1)___________________________
Тармақша 2
2)___________________________ (күні) ____________ (қолы) ____________