О внесении дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра энергетики Республики Казахстан от 4 декабря 2015 года № 695 «Об утверждении перечня продукции (товаров), на которую (которые) распространяются расширенные обязательства производителей (импортеров)» и в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 25 декабря 2015 года № 762 «Об утверждении Методики расчета платы за организацию сбора, транспортировки, переработки, обезвреживания, использования и (или) утилизации отходов» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.01.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 695 бұйрығына және «Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін ақы төлеуді есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 762 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1. «Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 695 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12565 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тізбесінде: мынадай мазмұндағы реттік сандары 18, және 19, жолдарымен толықтырылсын: « 18. Кәбілді-өткізгіш өнімі 19. 8544 Оқшауланған сымдар (эмальданған немесе анодталған сымдарды қоса алғанда), кәбілдер (коаксиальды кәбілдерді қоса алғанда) және жалғау тетіктері бар немесе жоқ оқшауланған электр өткізгіштер, олардың электр өткізгіштермен немесе жалғағыш тетіктермелері бірге жиынтықта болғанына немесе болмағанына қарамастан, жеке қабыршағы бар талшықтардан құралған талшықты-оптикалық кәбілдер. »;
Тармақша 2
2) «Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін ақы төлеуді есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 762 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12753 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 19 қаңтарда жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін ақы төлеуді есептеу әдістемесінде: мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: «5-1. Кәбелді-өткізгіш өнімнің қалдықтарын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыруға үшін ақы төлеуді (СКӨӨ) есептеу мынадай формула бойынша есептеледі: мұнда: СКӨӨ- кәбелді-өткізгіш өнімнің қалдықтарын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру үшін ақы төлеу; N – шот-фактурада (инвойста) көрсетілетін өнімнің (тауарлардың) құны.»
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастырылуын;
Тармақша 3
3) Осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі