О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра энергетики Республики Казахстан от 4 декабря 2015 года № 695 «Об утверждении Перечня продукции (товаров), на которую (которые) распространяются расширенные обязательства производителей (импортеров)» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 695 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрi міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 695 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12565 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 19 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері оған (оларға) таралатынөнім (тауарлар) тізбесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекет тіктіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшалары мен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілікететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі __________________ Ж. Қасымбек 2016 жылғы 22 желтоқсан
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 555 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 695 бұйрығымен бекітілген Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тізбесі ЕАЭО СЭҚТН коды ЭҚТӨЖ Өнім (тауарлар) Темір жол немесе трамвай жылжымалы құрамынан басқа, жерүсті көлігінің құралдары, олардың бөліктері және жабдықтары 870120101 29-бөлімнен: жаңа ершікті тартқыштар, толық массасы 50 тоннадан асатын көлік құралдарын қоспағанда 870120901 бұрын қолданыста болған ершікті тартқыштар, толық массасы 50 тоннадан асатын көлік құралдарын қоспағанда 8702 жүргізушіні қоса алғанда, 10 немесе одан да көп адамды тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары 8703 жеңiл автомобильдер және жүк-жолаушы автомобильдер-фургондарды және жарыс автомобильдерін қоса алғанда, негiзiнен адамдарды тасымалдауға арналған өзге де моторлы көлiк құралдары (8702 тауар позициясының моторлы көлік құралдарынан басқа) 8704 жүк тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары, толық массасы 50 тоннадан асатын көлік құралдарын қоспағанда 8705 арнайы мақсаттағы моторлы көлік кұралдары (мысалы, аптатты жағдайдығы жүк көліктері, автокрандар, өрт сөндіру, бетон араластырушы, жол тазалайтын, суаратын көліктері, автошеберхана, рентген құрылысы орнатылған автокөліктер), жолаушылар және жүк тасымалына арналған қолданыстағы траспорттан басқа, толық массасы 50 тоннадан асатын көлік құралдарын қоспағанда 8706009109 8703 тауар позициясының моторлы көлiк құралдарына арналған қозғалтқыштар орнатылған өзге де шассилер Каучук, резеңке және олардан жасалған бұйымдар 401110 22.1-бөлімінен жеңіл автомобильдерге арналған шиналар және пневматикалық жаңа резеңке тыстар (жүк-жолаушы автомобильдер-фургондар мен спорттық автомобильдерді қоса алғанда) 401120 автобустар немесе жүк тасымалдайтын моторлы көлік құралдарына арналған шиналар және пневматикалық жаңа резеңке тыстар 401130 авиацияда пайдалануға арналған шиналар және пневматикалық жаңа резеңке тыстар 401140 мотоциклге арналған шиналар және пневматикалық жаңа резеңке тыстар 401150 велосипедтерге арналған шиналар және пневматикалық жаңа резеңке тыстар 401161 ауылшаруашылығына немесе орман шаруашылығына арналған көлік құралдары мен машиналарға арналғаншиналар және пневматикалық жаңа резеңке тыстар, протекторында «шырша» суреті бар немесе протекторының осыған ұқсас суреттері бар өзге шиналар және тыстар 401162 құрылыста немесе өнеркәсiпте пайдаланылатын және отырғызу диаметрi 61 см-ден аспайтын көлiк құралдары мен машиналарға арналған шиналар және пневматикалық жаңа резеңке тыстар, протекторында «шырша» суреті бар немесе протекторының осыған ұқсас суреттері бар өзге шиналар 401163 құрылыста немесе өнеркәсiпте пайдаланылатын және отырғызу диаметрi 61 см-ден асатын көлiк құралдары мен машиналарға арналған шиналар және пневматикалық жаңа резеңке тыстар, протекторында «шырша» суреті бар немесе протекторының осыған ұқсас суреттері бар өзге шиналар 401169 шиналар және пневматикалық жаңа резеңке тыстар, протекторында «шыршасы» бар немесе протекторының осыған ұқсас суреттері бар және басқалары 401211 пневматикалық резеңке, қалпына келтірілген немесе бұрын пайдалануда болған шиналар және тыстар; үлкен дөңгелек немесе жартылай пневматикалық шиналар және тыстар, шина протекторлары мен жиектік ленталар, қалпына келтірілген, жеңіл автомобильдер үшін жасалған (жүк-жолаушы автомобиль-фургондар мен спорттық автомобильдерді қоса алғанда) шиналар және дөңгелек тыстары 401212 пневматикалық резеңке, қалпына келтірілген немесе бұрын пайдалануда болған шиналар және тыстар; үлкен дөңгелек немесе жартылай пневматикалық шиналар және тыстар, шина протекторлары мен жиектік ленталар, қалпына келтірілген, автобустар мен жүк тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдарына шиналар мен дөңгелек тыстары 401213 авиацияда пайдалануға арналған пневматикалық резеңке, қалпына келтірілген немесе бұрын пайдалануда болған шиналар және тыстар; үлкен дөңгелек немесе жартылай пневматикалық шиналар және тыстар, шина протекторлары мен жиектік ленталар, резеңке, қалпына келтірілген, шиналар мен дөңгелек тыстар 401219 пневматикалық резеңке, қалпына келтірілген немесе бұрын пайдалануда болған шиналар және тыстар; үлкен дөңгелек немесе жартылай пневматикалық шиналар және тыстар, шина протекторлары мен жиектік ленталар, қалпына келтірілген шина және дөңгелек тыстары және басқалары 401220 пневматикалық резеңке, қалпына келтірілген немесе бұрын пайдалануда болған шиналар және тыстар; үлкен дөңгелек немесе жартылай пневматикалық шиналар және тыстар, шина протекторлары мен жиектік ленталар, резеңке, бұрын қолданыста болған шиналар мен дөңгелек тыстары Электр аккумуляторлар және оларға арналған сепараторларды қоса алғанда 850710 27-бөлімнен поршенды қозғалтқышты іске қосу үшін пайдаланылатын тікбұрышты (соның ішінде төртбұрышты) немесе басқа пішіндегі қорғасынды электр аккумуляторлары, оған қоса сепараторлар 850720 тікбұрышты (соның ішінде төртбұрышты) немесе басқа пішіндегі электр аккумуляторлары, оған қоса сепараторлар, өзге қорғасынды аккумуляторлар 850730 тікбұрышты (соның ішінде төртбұрышты) немесе басқа пішіндегі электр аккумуляторлары, оған қоса сепараторлар, никельді-кадмий аккумуляторлар 850740 тікбұрышты (соның ішінде төртбұрышты) немесе басқа пішіндегі электр аккумуляторлары, оған қоса сепараторлар, никельді-темір аккумуляторлар 850750 тікбұрышты (соның ішінде төртбұрышты) немесе басқа пішіндегі электр аккумуляторлары, оған қоса сепараторлар, гидридті-никель аккумуляторлары 850760 тікбұрышты (соның ішінде төртбұрышты) немесе басқа пішіндегі электр аккумуляторлары, оған қоса сепараторлар, литий-ионды аккумуляторлар 850780 тікбұрышты (соның ішінде төртбұрышты) немесе басқа пішіндегі электр аккумуляторлары, оған қоса сепараторлар, өзге де аккумуляторлар Битумды жыныстардан алынған мұнай және мұнай өнімдері (шикілерден басқасы) және басқа жерде аталмаған немесе қосылмаған, құрамында 70 және одан артық май % мұнай немесе мұнай өнімдері бар, битумды жыныстардан алынған өнімдер, бұл ретте осы мұнай өнімдері құрамында биодизель және пайдаланылған мұнай өнімдері барларын қоспағанда, өнімдердің негізгі құрауыштары болып табылады 2710198200 20-бөлімнен Мотор майлары, компрессорлық майлау майлары, турбиналық майлау майы 2710198400 гидравликалық мақсаттарға арналған сұйықтықтар 2710198600 ашық түсті майлар, вазелин майы 2710198800 Жетектерге арналған май және редукторларға арналған май Өзге де химия өнімдері 3819000000 20-бөлімнен тежегіш гидравликалық сұйықтықтар және гидравликалық берілістерге арналған, құрамында 70 және одан артық май % мұнай немесе мұнай өнімдері жоқ немесе бар, битумды жыныстардан алынған дайын өзге де сұйықтықтар 3820000000 антифриздер және мұздануға қарсы дайын сұйықтықтар Пластмасса, шыны, қағаз, картон, алюминий және металл орамалар 392010 22.2-бөлімнен үлдір және жолақтар немесе таспалар, пластмассадан жасалған басқалары, кеуексіз және армирленбеген, қабатсыз, төсемсіз және ұқсас тәсілдермен этилен полимерлерінен дайындалған басқа материалдармен жалғанбаған. 392020 үлдір және жолақтар немесе таспалар, пластмассадан жасалған басқалары, кеуексіз және армирленбеген, қабатсыз, төсемсіз және ұқсас тәсілдермен пропилен полимерлерінен дайындалған басқа материалдармен жалғанбаған. 392030 үлдір және жолақтар немесе таспалар, пластмассадан жасалған басқалары, кеуексіз және армирленбеген, қабатсыз, төсемсіз және ұқсас тәсілдермен стирол полимерлерінен дайындалған басқа материалдармен жалғанбаған. 392062 үлдір және жолақтар немесе таспалар, пластмассадан жасалған басқалары, кеуексіз және армирленбеген, қабатсыз, төсемсіз және ұқсас тәсілдермен полиэтилентерефталат полимерлерінен дайындалған басқа материалдармен жалғанбаған 3923 пластмассадан жасалған тауарларды тасымалдау немесе орамдауға арналған өнімдер; тығындар, қақпақтар, қалпақтар және басқа да пластмассадан жасалған тығындайтын заттар. 4819 17.21-бөлімнен қағаздан,картоннан, целлюлозалық мақтадан жасалған қатты қағаздар, жәшіктер, қаптар,пакеттер және басқа да орамдаушы ыдыстар мақтадан немесе целлюлозалық талшықтан жасалған кенептер; мекемелерде, дүкендерде немесе осыған ұқсас мақсаттарда пайдаланылатын картотекаларға арналған қорапшалар, хаттарға немесе осыған ұқсас бұйымдарды салуға арналып қағаздан немесе картоннан жасалған лотоктар. 7010 23.13-бөлімнен үлкен бөтелкелер, бөтелкелер, құтылар және тауарларды сақтауға, тасымалдауға немесе буып-түюге арналған басқа да шыны ыдыстар; консервілеуге арналған шыны құтылар; шыныдан жасалған сақтандырғыш тығындар, тығындар, қақпақтар және басқа да осыған ұқсас шыны бұйымдар. 731021 25.9-бөлімнен Қара металдардан жасалған қалайымен немесе қаусыршамен жабылған консерві банкілері:кез келген заттарға (тығыздалған немесе сұйытылған газдан басқа) сыйымдылығы 5 л-ден аспайтын. 731029 Өзгелері қара металдардан жасалған қалайымен немесе қаусыршамен жабылған консерві банкілері: кез келген заттарға (тығыздалған немесе сұйытылған газдан басқа) сыйымдылығы 5 л-ден аспайтын 7612902000 24.42-бөлімнен Аэрозольдар пайдаланылатын үшін алюминийден жасалған ұқсас сыйымдылықтар кез келген заттарға (тығыздалған немесе сұйытылған газдан басқа) сыйымдылығы 1 л-ден аспайтын 7612909001 банкiлер және алюминийден дайындалған ұқсас сыйымдылықтар кез келген заттарға (тығыздалған немесе сұйытылған газдан басқа) сыйымдылығы 1 л-ден аспайтын Пластмассадан жасалған асхана және ас үй ыдыстары, асхана және ас үй жарақтары, үй тұрмысына қажетті және гигиеналық немесе дәретханаға арналған басқа да заттар 3924 22.2-бөлімнен пластмассадан жасалған асхана және ас үй ыдыстары, асхана және ас үй жарақтары, үй тұрмысына қажетті және гигиеналық немесе дәретханаға арналған басқа да заттар Қазақстан Республикасына импортталатын, пластмасса, шыны, қағаз, картон, алюминий және металл орамаларға буылып-түйілген тауарлар Бастапқы элементтер және бастапқы батареялар 8506 27.2-бөлімнен бастапқы элементтер және бастапқы батареялар Электрлік қыздыру немесе газразрядты шамдар, герметикалық бағытталған жарық шамдарын қосқанда, сондай-ақ ультракүлгін немесе инфрақызыл шамдар; құрамында сынап бар доғалық шамдар: 853931 27.40-бөлімнен газразрядты шамдар, ультрақызыл сәулелену шамдарын: термокатодты люминесценттік шамдарды қоспағанда 853932 сынаптық немесе натрий шамдары; металл-галогендік шамдар 853939 басқа да газразрядты шамдар, ультрақызыл сәулелену шамдарын қоспағанда. 853941 доғалық шамдар 853949 басқа да ультракүлгін немесе инфрақызыл сәулелену шамдары Құрамында сынап бар медициналық немесе ветеринариялық термометрлер 902511 26.51-бөлімнен құрамында сынап бар медициналық немесе ветеринариялық термометрлер Ірі габаритті электр және электрондық жабдықтар 732111 26-27-бөлімнен тамақты тек қана газда немесе газда, сондай-ақ басқа да отындар түрлерінде дайындау мен жылытуға арналған қондырғы 8418 электр немесе басқа типтегі тоңазытқыштар, мұздатқыштар және басқа да тоңазыту немесе мұздату құрылғылары 8422110000 ыдыс-аяқ жуатын машиналар: тұрмыстық 8422190000 басқа да ыдыс жуатын машиналар 8450 кір жуатын машиналар: 845121000 кептіргіш машиналар 8451290000 басқа да тұрмыстық кептіргіш машиналар 85166010 электр плиталары (ең жоқ дегенде, духовкалық шкафы бар және электр қыздырғыш элементтері бар панельді) тұрмыстық Орташа габаритті электр және электрондық жабдықтар 841510 26-27-бөлімнен температураны және ауа ылғалдылығын өзгертіп тұруға арналған қозғалтқышы және аспаптары бар, желдеткішпен жабдықталған, ауаны жақсартуға арналған қондырғылар, ылғалдылығы жеке реттелмейтін, терезеге орнатылатын немесе қабырғалық типтегі бір корпусты немесе «сплит-жүйелі» кондиционерлерді қоса алғанда 844331 есептеу машинасына немесе желіге қосылуға мүмкіндігі бар басып шығару, көшірме жасау немесе факс арқылы жөнелту сияқты екі немесе одан да көп қызметтерді атқаратын машиналар 844332 түпнұсқаны сканерлеу арқылы көшірмесін жасау және көшірмелерді электр статикалық әдіспен басып шығару қызметін атқаратын принтерлер, машиналар, көшірмелерін жасау қызметін кіріктірілген оптикалық жүйесі бар басқа да машиналар 844339 түпнұсқаны сканерлеу арқылы көшірмесін жасау және көшірмелерді электр статикалық әдіспен басып шығару қызметін атқаратын машиналар, кіріктірілген оптикалық жүйесі бар басқа да көшіру аппараттары 845210 тұрмыстық тігін машиналары 8508 шаңсорғыштар 8509 электр қозғалтқышы кіріктірілген тұрмыстық электр механикалық машиналар, 8508, 8509 90 000 0 тауарлық позицияның шаң сорғыштарынан басқа 851610 электрлік ағынды немесе жинақтаушы (сыйымдылықты) сужылытқыштар және батпалы тұрмыстық электр жылытқыштар 8516210000 жылуды жинақтағыш тұрмыстық радиаторлар 851629 басқа да жылуды жинақтағыш тұрмыстық радиаторлар 8467 пневматикалық, гидравликалық немесе кіріктірілген электрлі немесе электрлі емес қозғалтқышты қол аспаптары 8471 есептеу машиналары және олардың блоктары, магниттік немесе оптикалық есептеуіш қондырғылар, деректерді кодталған формадағы ақпаратты тасымалдағыштарға көшіруге арналған машиналар және басқа жерде аты аталмаған немесе қосылмаған осындай ақпаратты өңдеуге арналған машиналар 8516500000 қысқа толқынды пештер 8516605000 электр плиталар, қайнату қазандары және тұрмыстық электр плиталарына арланған электр қыздырғыш элементтері бар панельдер 8516609000 басқа да тұрмыстық пештер 8516607000 грильдер және тұрмыстық ростерлер 8516608000 тұрмыстық, кіріктірілген пештер 8516710000 кофе немесе шай дайындауға арналған, тұрмыстық басқа да электрлі қыздырғыш аспаптар 8519 дыбысты жазып алатын немесе дыбыс шығаратын аппаратура, 8519 20-ден өзге 8521 бейнені жазып алатын немесе бейнені көрсететін, бейнетюнермен біріктірілген немесе біріктірілмеген аппаратура 8527 радиохабарламаларды қабылдауға арналған, дыбыс жазып алғышпен немесе дыбысты шығарғыш аппаратурамен немесе сағаттармен бір корпуста біріктірілген немесе біріктірілмеген аппаратура (8701-8705 тауарлық позициялардағы моторлық көлік құралдарын, немесе олардың бөлшектері мен агрегаттарын өнеркәсіптік жинауға арналғаннан басқасы) 8528 құрамына қабылдағыш телевизиялық аппаратура кірмейтін мониторлар және проекторлар, құрамына хабарды кең таратушы радиоқабылдағыш немесе дыбысты немесе бейнені жазып алу немесе көрсету аппаратурасы кірмейтін, телевизиялық байланысты қабылдауға арналған аппаратура 950450 консольдер және бейне ойындарға арналған жабдық Ұсақгабаритті электр және электрондық жабдықтар 847010000 26-27-бөлімнен сыртқы қуат беру көзінсіз жұмыс істеуге бейім электрондық калькуляторлар, және есептеу қызметтері бар деректерді жазып алуға, көрсетуге және сырттай қарап шығуға арналған қалта машиналары 8510 электр ұстаралар, шаш алуға арналған машиналар және кіріктірілген электр қозғалтқышы бар шаштарды алып тастауға арналған аспаптар, 8510 90 000 0-ден басқа 851631000 шаш кептіргіштер 8516400000 тұрмыстық электр үтіктері 851679 қуырма ыдыстар, басқа да тұрмыстық электр қыздырғыш аспаптар 8516720000 тостерлер 8517110000 сымсыз тұтқалы байланыс жасайтын телефон аппараттары 8517120000 ұялы байланыс желісіне немесе басқа да сымсыз байланыс желісіне арналған телефон аппараттары 851769 бейнефондар, домофондар 8517180000 басқа да телефон аппараттары 8525803000 цифрлық камералар 9006400000 дайын суреттерді лезде алатын фотокамералар 9006510000 жалпақтығы 35 мм-ден аспайтын катушка түріндегі фотоүлдірге арналған айналы фотокамералар 900652000 жалпақтығы 35 мм-ден кем катушка түріндегі фотоүлдірге арналған басқа да фотокамералар 900653 жалпақтығы 35 мм катушка түріндегі фотоүлдірге арналған басқа да фотокамералар 900659000 басқа да фотокамералар 900661000 разрядтық фотожарқылдар (электрондық) 9006690000 басқа да фотожарқылдар және 8539 т.п. газразрядты шамдардан басқа жарқыл шамдар