Об установлении размера дивидендов (дохода) на государственные пакеты акций акционерных обществ, доли участия в уставном капитале товариществ с ограниченной ответственностью находящихся в коммунальной собственности города Шымкент и о признании утратившим силу постановление акимата города Шымкент от 4 июля 2016 года № 1407 «Об установлении размера дивидендов акционерных обществ и товариществ с ограниченной ответственностью, находящихся в коммунальной собственности города Шымкент» Күшін жойған
Басқа 0
Шымкент қаласының коммуналдық меншігіндегі акционерлік қоғамдардың акцияларының мемлекеттiк пакеттерiне, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне дивидендтерінің (табыстарының) көлемін белгілеу және «Шымкент қаласының коммуналдық меншігіндегі акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің көлемін белгілеу туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 1407 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 186 бабына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шымкент қаласының коммуналдық меншігіндегі акционерлік қоғамдардың акцияларының мемлекеттiк пакеттерiне, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне дивидендтерінің (табыстарының) көлемі таза табысынан 50 (елу) пайызға дейінгі мөлшерде белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Шымкент қаласының коммуналдық меншігіндегі акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің көлемін белгілеу туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 4 шілдедегі №1407 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3826 тіркелген, 2016 жылғы 17 тамызда «Шымкент келбеті» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Шымкент қаласының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулыны оны.ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Е.Садырға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.