О внесения изменения в постановление акимата города Жанаозен от 4 апреля 2018 года № 191 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов» Қолданыста
Басқа 0
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 4 сәуірдегі № 191 «Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 4 сәуірдегі № 191 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3579 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 2 қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің
2026 жылғы 30 маусымдағы
№ 372 қаулысына қосымша/
Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
№
Елді мекеннің атауы
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
1
Жаңаөзен қаласы
«Өркен» шағын ауданының № 19 үйінің жанындағы ақпараттық стенд.
2
Жаңаөзен қаласы
Сәтпаев көшесіндегі Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ғимаратына қарама-қарсы ақпараттық стенд
3
Жаңаөзен қаласы
«Шаңырақ» шағын ауданының № 27 үйіне қарама-қарсы ақпараттық стенд.
4
Жаңаөзен қаласы
«Жалын» шағын ауданындағы № 25В ғимараттың жанындағы ақпараттық стенд
5
Жаңаөзен қаласы
«Көктем» шағын ауданының № 22 үйінің жанындағы ақпараттық стенд.
6
Теңге ауылы
«Достық» даңғылындағы ақпараттық стенд.
7
Қызылсай ауылы
«Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «Сүгір Бегендікұлы атындағы № 4 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы ақпараттық стенд.
8
Рахат ауылы
«Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 18 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы ақпараттық стенд.
9
Рахат ауылы
«Жаңаөзен политехникалық колледжі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимаратына қарама қарсы ақпараттық стенд.
10
Кендірлі ауылы
«Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 21 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама қарсы ақпараттық стенд.
11
Кендірлі ауылы
«Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 23 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама қарсы ақпараттық стенд.