О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 июня 2018 года № 323 «Об утверждении Правил поступлений от передачи в конкурентную среду активов национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных компаний и их дочерних, зависимых и иных юридических лиц, являющихся аффилированными с ними, в Национальный фонд Республики Казахстан» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 323 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 323 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидаларында: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. «Қазақстан темiр жолы» ұлттық компаниясы», «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы», «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамдарының активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін қаражат есебінен Ұлттық қорға аударылатын қаражат мөлшері Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес сыртқы борышты өтеу үшін қажетті сомаға және «Қазақстан инжиниринг» (Kazakhstan Еngineering) ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының – Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссиясының шешіміне сәйкес ішкі борышты өтеу үшін қажетті сомаға түзетіледі.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.