О признании утратившим силу постановление акимата города Рудного Костанайской области от 4 мая 2018 года № 588 «Об установлении норматива отчисления части чистого дохода городских коммунальных государственных предприятий» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 588 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7802 болып тіркелген) күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 588 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7802 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз ету.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.