О внесении изменений в постановление акимата Астраханского района от 4 мая 2019 года № 116 «Об утверждении схем пастбищеоборотов на основании геоботанического обследования пастбищ Астраханского сельского округа, Новочеркасского сельского округа, Бесбидаикского сельского округа, Есильского сельского округа, Жарсуатского сельского округа, Кызылжарского сельского округа, Острогорского сельского округа, Первомайского сельского округа, Николаевского сельского округа, Староколутонского сельского округ Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Астрахан ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 116 «Астрахан ауданы Астрахан ауылдық округінің, Новочеркасск ауылдық округінің, Бесбидайық ауылдық округінің, Есіл ауылдық округінің, Жарсуат ауылдық округінің, Қызылжар ауылдық округінің, Острогорск ауылдық округінің, Первомай ауылдық округінің, Николаев ауылдық округінің, Старый Колутон ауылдық округінің, Ұзынкөл ауылдық округінің және Каменка ауылының жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы Заңының 9-бабы 1- тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Астрахан ауданы әкімдігінің «Астрахан ауданы Астрахан ауылдық округінің, Новочеркасск ауылдық округінің, Бесбидайық ауылдық округінің, Есіл ауылдық округінің, Жарсуат ауылдық округінің, Қызылжар ауылдық округінің, Острогорск ауылдық округінің, Первомай ауылдық округінің, Николаев ауылдық округінің, Старый Колутон ауылдық округінің, Ұзынкөл ауылдық округінің және Каменка ауылының жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 4 мамырдағы № 116 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7171 болып тіркелген, 2019 жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын: «Астрахан ауданы Астрахан ауылдық округінің, Новочеркасск ауылдық округінің, Есіл ауылдық округінің, Қызылжар ауылдық округінің, Острогорск ауылдық округінің, Первомай ауылдық округінің, Николаев ауылдық округінің, Старый Колутон ауылдық округінің, Ұзынкөл ауылдық округінің және Каменка ауылының жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемаларын бекіту туралы»; көсетілген қаулының 3 және 5 тармақтары алынып тасталсын; көрсетілген қаулының 4 – қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Астрахан ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Астрахан ауданы әкімдігінің 2020 жылғы «14» тамыздағы № 157 қаулысына қосымша Астрахан ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 116 қаулысына 4 қосымша