О внесении изменения в постановление акимата Бейнеуского района от 4 сентября 2019 года № 210 «Об утверждении перечня автомобильных дорог районного значения» Қолданыста
Басқа 0
«Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» Бейнеу ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 210 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі және «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңдарына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» Бейнеу ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қыркүйектегі № 210 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3993 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күннен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі
Бейнеу ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 328 қаулысына қосымша
Бейнеу ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 210 қаулысымен бекітілген
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі
№
Автомобиль жолдарының индексі
Автомобиль жолдарының атауы
Жалпы ұзындығы
1
KR-BG-1
Боранқұл-Сарықамыс автомобиль жолы
80 шақырым
2
KR-BG-2
Сыңғырлау-Сам-Ноғайты-Тұрыш автомобиль жолы
73 шақырым
3
KR-BG-3
Ақжігіт-Сам автомобиль жолы
25 шақырым
4
KR-BG-4
Сарға ауылына кіреберіс
4 шақырым
5
KR-BG-5
Есет ауылына кіреберіс
1,723 шақырым
6
KR-BG-6
Тәжен ауылына кіреберіс
2,7 шақырым