О внесении изменения в постановление акимата Туркестанской области от 4 ноября 2019 года № 253 «Об утверждении Правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары в Туркестанской области» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 4 қарашадағы № 253 «Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың Қағидаларын бекіту туралы» Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 4 қарашадағы №253 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5240 болып тiркелген) өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың Қағидаларында: 31-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
Тармақ 31
«31. Қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектілерін Комиссия кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын мынадай талаптарға (өлшемшарттарға) сәйкес айқындайды:
Тармақша 1
1) кепілдікке қойылатын мүліктің немесе банк кепілдігінің болуы;
Тармақша 2
2) өтінімді қарау кезінде банкроттық немесе тарату сатысында болмауы;
Тармақша 3
3) өтінімді қарау кезінде жосықсыз өнім берушілер тізілімінде болмауы.».
Тармақ 2
2. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ұ.Қ.Тәжібаевқа жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.