О внесении изменений и дополнений в решение Шемонаихинского районного маслихата от 4 апреля 2019 года № 38/4–VI «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение Шемонаихинского районного маслихата от 4 апреля 2019 года № 38/4–VI «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
- Атауы (қаз.)
- Шемонаиха аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 38/4-VI «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 41/2-VI
- Қабылданған күні
- 07.06.2019
- Көрсетілген редакция
- 03.09.2020 132419_481453.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19VS006013
- ЭКБ идентификаторы
- 132419
- Редакция идентификаторы
- 132419_481453
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:36
0 Шемонаиха аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 сәуірдегі
№ 38/4-VI «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Шемонаиха аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 38/4-VI «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 5839 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 17 сәуірде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
8-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) көпбалалық және/немесе отбасында Шемонаиха ауданының мектепке дейінгі ұйымдарына баратын ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың болуы.»;
9-тармақта:
3) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында жүрген кәмелетке толмағандар;
6) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігі шектелген адамдар;»;
мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
«14) мектепке дейінгі ұйымдарға баратын көпбалалы отбасылардағы балалар және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар.»;
10-тармақ абзацпен толықтырылсын:
«Осы Қағидалардың 7-тармағының 14) тармақшасында көрсетілген алушылар санаты үшін жан басына шаққандағы орташа табыстың шегі ең төмен күнкөріс деңгейінің алты еселік мөлшерінде бекітілсін.».