О внесении дополнения в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 4 ноября 2019 года № 822 «Об утверждении Положения республиканского государственного учреждения «Комитет государственного оборонного заказа Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 4 қарашадағы № 822 бұйрығына толықтыру енгізу туралы «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 ақпандағы № 64 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 4 қарашадағы № 822 бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін: «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде: мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын: «9-1. Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымы – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитетінің «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бар».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрық бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыс комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы «___» __________ № ___ бұйрығымен бекiтілген «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыс комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгінiң Мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыс комитетi (бұдан әрi – Комитет) республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгiнiң (бұдан әрі – Министрлік) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласында басшылықты жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Президентi мен Yкiметінiң актілерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 4
4. Комитет өз өкілеттіктері шегінде азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Егер мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты уәкілетті органның бюджетінде көзделген жағдайда, Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға тиісті мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушылар мүддесіне байланысты мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындаушыларымен түседі.
Тармақ 5
5. Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берiлген болса, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болады.
Тармақ 6
6. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен төрағаның бұйрықтарымен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
Тармақ 7
7. Комитеттің құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекiтіледi.
Тармақ 8
8. Комитеттің орналасқан орны: - Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты.
Тармақ 9
9. Комитеттің толық атауы: «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 9-1
9-1. Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымы – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгі Мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыс комитетiнің «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бар.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Комитетке Комитеттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсіпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге болмайды. Егер Комитетке заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, онда осындай қызметтен түскен кіріс республикалық бюджет кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
2-тарау. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 13
13. Комитеттің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарын қазіргі заманғы әскери мақсаттағы тауарлармен (өнімдермен), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлармен (өнімдермен), әскери мақсаттағы жұмыстармен және әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалуын салааралық үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың, сенімгерлік басқарудағы ұйымдардың қызметін ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) Комитетке өз құзыреті шегінде жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Комитеттің функциялары:
Тармақша 1
1) Комитеттің құзыреті шегінде Министрліктің реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерімен, басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласында басшылықты жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 6
6) монополияға қарсы органмен келісу бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 7
7) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) отандық өндірушілердің, әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді отандық берушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу;
Тармақша 8
8) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыны таңдауды жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру және бекітілген мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың тапсырмасын мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыларға дейін жеткізу;
Тармақша 10
10) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушымен мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт жасау;
Тармақша 11
11) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қаржыландыруды жүзеге асыру;
Тармақша 12
12) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты уәкілетті органның бюджетінде көзделген болса, заңнамада көрсетілген жағдайларда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражатын қайта бөлу туралы шешім қабылдау;
Тармақша 13
13) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушыларды әскери мақсаттағы тауарлармен (өнімдермен) және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлармен (өнімдермен) қамтамасыз ету;
Тармақша 14
14) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты уәкілетті органның бюджетінде көзделген, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде сатып алынатын әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының мемлекеттік мекемелеріне бөлу;
Тармақша 15
15) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалуын салааралық үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрықтарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Комитеттің құқықтары мен міндеттемелері: Комитет:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде құқықтық актілер шығару;
Тармақша 2
2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, басқа лауазымды тұлғалардан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
Тармақша 4
4) өз қызметінің барлық мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;
Тармақша 5
5) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге де іс-шаралар өткізу;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру. Комитеттің міндеттемелеріне:
Тармақша 1
1) Комитетке жүктелген міндеттер мен функциялардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасын, құқықтары мен заңда қорғалатын жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін сақтау;
Тармақша 3
3) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беру;
Тармақша 4
4) өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде ол туралы Министрліктің құрылымдық бөлімшелері және мемлекеттік органдар ресми сұрау салған жағдайда қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсыну;
Тармақша 5
5) Комитеттің теңгерімінде тұрған мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу;
Тармақша 7
7) белгіленген мерзімде Министрлікке бухгалтерлік және қаржылық есептілікті жасау және ұсыну;
Тармақша 8
8) Комитетке бөлінген бюджеттік қаражаттың толық, уақтылы және тиімді пайдалануын қамтамасыз ету;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу кіреді.
Тарау 3. 3-тарау. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
3-тарау. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 16
16. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
Тармақ 17
17. Комитетті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын төраға басқарады.
Тармақ 18
18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Төраға Комитеттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
Тармақ 20
20. Төраға Министрліктің басшылығына Комитеттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.
Тармақ 21
21. Осы мақсатта Комитет төрағасы:
Тармақша 1
1) өзінің орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының және қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
Тармақша 2
2) өз құзыреті шегінде бұйрықтарды шығарады;
Тармақша 3
3) Комитет қызметкерлерін, сондай-ақ Комитеттің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің басшыларын қызметке тағайындау және босату, іссапарға, демалысқа жіберу, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстеме, сыйақы беру және тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;
Тармақша 4
4) Комитеттің атынан қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда өкілдік етеді;
Тармақша 5
5) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 6
6) Комитеттің заң қызметіне жетекшілік етеді;
Тармақша 7
7) Комитеттің қызметкерлеріне мемлекеттік құпияларға рұқсат беруді жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің туындауына себеп болатын іс-қимылдар белгіленген жағдайда бұл туралы Министрліктің басшылығын хабардар етеді;
Тармақша 9
9) Комитет қызметкерлері мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді;
Тармақша 10
10) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;
Тармақша 11
11) республикалық бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына және мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
Тармақша 12
12) оның құзыретіне кіретін басқа мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды. Комитет төрағасы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін атқаруды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Тармақ 22
22. Комитет төрағасының орынбасары:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді;
Тармақша 2
2) Комитеттің төрағасы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 23
23. Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитеттің атынан Министрліктің өзге құрылымдық бөлімшелеріне жіберілетін құжаттарға төраға және (немесе) төрағаның орынбасарлары міндеттерінің бөлінуіне сәйкес қол қояды.
Тарау 4. 4-тарау. Комитеттің мүлкі
4-тарау. Комитеттің мүлкі
Тармақ 24
24. Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі бар. Комитеттің мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен, сондай-ақ құны Комитеттің теңгерімінде көрініс табатын өзге де мүліктерден қалыптасады.
Тармақ 25
25. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 26
26. Комитет өзіне бекітілген мүлікті, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, өз бетінше иеліктен шығармайды немесе өзге де тәсілмен оған билік жүргізбейді.
Тарау 5. 5-тарау. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 27
27. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.