О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 4 декабря 2020 года № 477 «Об утверждении формы, предназначенной для сбора административных данных «Сведения о количестве коллективных договоров» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ұжымдық шарттардың саны туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 4 желтоқсандағы № 477 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Ұжымдық шарттардың саны туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 4 желтоқсандағы № 477 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21739 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанда (бұдан әрі – Нысан): кіріспенің алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық бөлімшелері.»; Нысан қосымшасының: «Ұжымдық шарттардың саны туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірмесінде: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы «Ұжымдық шарттардың саны туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленіп, «Ұжымдық шарттардың саны туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру тәртібін нақтылайды.»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Толтырылған Нысанды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық бөлімшелері есепті кезеңнен кейінгі айдың 3-күніне дейін ай сайын ұсынады.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ақпаратты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.