О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Костанайской области от 4 мая 2021 года № 221 «Об утверждении перечня особо важных локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения Костанайской области» Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 4 мамырдағы № 221 «Қостанай облысының ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай облысының ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы» 2021 жылғы 4 мамырдағы № 221 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9897 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қостанай облысының ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесінде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлер 47-1, 58-1-жолмен толықтырылсын:
«
47-1
«Амангелді» оқшау су құбыры
»;
«
58-1
«Раздольное» оқшау су құбыры
»;
«
Рудный қаласы
»
жолы жаңа редакцияда жазылсын:
«
Федоров ауданы
»;
реттік нөмірі 59 жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
59
«Пешков» оқшау су құбыры
».
Тармақ 2
2. «Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.