О внесении дополнений в постановление акимата Костанайской области от 4 мая 2021 года № 221 «Об утверждении перечня особо важных локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения Костанайской области» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 4 мамырдағы № 221 «Қостанай облысының ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай облысының ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы» 2021 жылғы 4 мамырдағы № 221 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9897 болып тіркелген) келесі толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қостанай облысының ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесінде: мынадай мазмұндағы реттік нөмірлер 36-1, 36-2-жолдармен толықтырылсын: « 36-1 «Қалам-Қарасу» оқшау су құбыры 36-2 «Сарысу» оқшау су құбыры ».
Тармақ 2
2. «Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.