О внесении изменений и дополнений в совместное постановление акимата города Семей от 4 февраля 2021 года № 244 и решение маслихата города Семей от 1 февраля 2021 года № 3/17-VII «О льготном проезде отдельных категорий граждан города Семей для проезда на внутригородском общественном транспорте (кроме такси)» Күшін жойған
Басқа 0
Семей қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 244 және Семей қаласы мәслихатының 2021 жылғы 1 ақпандағы № 3/17-VII «Семей қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Семей қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 244 және Семей қаласы мәслихатының 2021 жылғы 1 ақпандағы № 3/17-VII «Семей қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8402 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қала ішіндегі қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүру Семей қаласының келесі санаттағы азаматтарына белгіленсін:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдарға – тегін жол жүру;
2) көру қабілеті бойынша І топтағы мүгедектігі бар адамдарға жетектеушісімен – тегін жол жүру;
3) көру қабілеті бойынша ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарға - тегін жол жүру;
4) 70 жастан асқан зейнеткерлерге - тарифтің 50 % ;
5) ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге – тегін жол жүру;
6) І топтағы мүгедектігі бар адамдарға жетектеушісімен - тегін жол жүру;
7) ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарға - тегін жол жүру;
8) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға - тегін жол жүру;
9) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға - тегін жол жүру;
10) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балаларға - тегін жол жүру;
11) көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға - тегін жол жүру;
12) «Алтын алқа», алқаларымен наградталған аналарға – тарифтің 50 %;
13) мүгедектігі бар балаларға жетектеушісімен – тегін жол жүру.».
Тармақ 2
2. «Абай облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) осы бірлескен Семей қаласы әкімдігінің қаулысы мен Семей қаласының мәслихаты шешімінің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бірлескен Семей қаласы әкімдігінің қаулысы мен Семей қаласының
мәслихаты шешімінің оның ресми жарияланғанынан кейін Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен Семей қаласы әкімдігінің қаулысы мен Семей қаласының мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау Семей қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен Семей қаласы әкімдігінің қаулысы мен Семей қаласы мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.