О внесении изменений и дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 4 сентября 2021 года № ҚР ДСМ-96 «Об утверждении предельных цен на международное непатентованное наименование лекарственного средства или техническую характеристику медицинского изделия в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и (или) в системе обязательного социального медицинского страхования» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына шекті бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 4 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-96 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына шекті бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 4 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-96 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24253 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағаларда: реттік нөмірлері 5 және 6-жолдар мынадай редакцияда жазылсын: « 5 B02BD02 А гемофилияның ингибиторлық нысаны бар балалар жасындағы пациенттер үшін VIII плазмалық қанның ұю факторы *** Жарамдылықтың барлық мерзімі ішінде 25˚С дейін температура кезінде сақтау мүмкіндігі бар, екі еселік вирустық инактивациядан өткен оның ішінде, құрамында альбумин, сахароза және полиэтиленгликоль жоқ, сольвент-детергент әдісімен оның ішінде иммундық толеранттылықты индукциялау әдісімен енгізу үшін ерітіндісімен және жинағымен жиынтықта, соның ішінде гемофилияның ингибиторлық нысанын емдеуге арналған құтыдағы венаішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат ХБ 101,47 6 J07BC А гепатитіне қарсы инактивтенген вакцина. ДДҰ терең сараланған вакцина шығару өндірісі инъекцияға арналған суспензия құтыдағы/шприцтегі 1 доза/0,5 мл құты /шприц 7181,86 »; реттік нөмірі 369-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 369 A10AB06 Инсулин глулизин толтырылған шприц-қаламда 3 мл-ден 100 бірл./мл ерітінді картридж/ шприц- қалам 2264,21 »; реттік нөмірі 444-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 444 B02BD02 Кіші жастағы балаларда (12 жасқа дейін) қолдануды шектеуімен, Виллебранд ауруын емдеуге көрсетілімі жоқ VIII плазмалық қанның ұю факторы *** ерітінді дайындауға арналған лиофилизат ХБ 101,47 »; реттік нөмірі 450-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 450 N05BA09 Клобазам таблетка 10 мг таблетка 86,28 »; реттік нөмірі 573-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 573 N07BC02 Метадон ішуге қолданылатын ерітінді, 5 мг / мл мл 21,74 »; реттік нөмірі 589-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 589 L01BA01 Метотрексат таблетка 2,5 мг таблетка 62,72 »; реттік нөмірі 601-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 601 A16AA07 Метрелептин инъекция үшін еітінді дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ мг 84739,85 »; реттік нөмірі 630-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 630 N02AA01 Морфин(У) таблетка 10 мг таблетка 174,13 »; реттік нөмірі 676-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 676 H01BB02 Окситоцин инъекцияға арналған ерітінді 5 ӘБ/мл 1 мл ампула 93,11 »; реттік нөмірлері 730 және 731-жолдар мынадай редакцияда жазылсын: « 730 B05BA10 Парентеральды тамақтануға арналған аралас препараттар инфузияға арналған эмульсия 1875 мл пакет 12602,33 731 B05BA10 Парентеральды тамақтануға арналған аралас препараттар инфузияға арналған эмульсия 300 мл пакет/контейнер 43851,20 »; реттік нөмірі 774-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 774 N01AX10 Пропофол венаішіне енгізуге арналған эмульсия 10 мг/мл 20 мл флакон/ ампула 567,85 »; реттік нөмірі 859-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 859 B05AA06 Сукцинилденген желатин инфузияға арналған ерітінді 4% 500,0 мл құты 2712,08 »; реттік нөмірі 882-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 882 L02BA01 Тамоксифен таблетка 20 мг таблетка 68,39 »; реттік нөмірі 912-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 912 J07AN01 Тірі Кальметт-Герен бактериялары (БЦЖ) (туберкулезді тірі әлсіреген вакцина) тірі, лиофильді кептірілген. Шығарылу түрі-тері астына енгізуге арналған 20 дозадан ампула немесе құты. Вакцина шығару жөніндегі өндіріс ДДҰ сертификатталуға тиіс доза 240,01 »; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 1127-жолмен толықтырылсын: « 1127 L01XE01 Иматиниб капсула 100 мг капсула 3332,00 ».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.