О внесении изменения в решение Кызылжарского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 4 марта 2022 года № 12/5 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» коммунального государственного учреждения «Аппарат маслихата Кызылжарского района Северо-Казахстанской области» Қолданыста
Басқа 0
«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 4 наурыздағы № 12/5
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 4 наурыздағы № 12/5 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 2026 жылғы 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін
бағалаудың әдістемесі
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық мәслихатының
2026 жылғы 14 мамырдағы
№ 30/25 шешіміне
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық мәслихатының
2022 жылғы 4 наурыздағы
№ 12/5 шешімімен
бекітілді
«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін
бағалаудың әдістемесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 33-бабының 5-тармағына, «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 болып тіркелген) 2-қосымшасына (бұдан әрі – Бұйрықтың 2-қосымшасы) сәйкес әзірленген және «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – мәслихат аппараты) «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Мәслихат аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін Қызылжар аудандық мәслихаты Бұйрықтың 2-қосымшасы негізінде мәслихат аппараты қызметінің ерекшелігін есепке ала отырып бекітеді.
Тармақ 3
3. Осы Үлгілік әдістемеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) тікелей басшы – мемлекеттік лауазымы бойынша жоғары тұрған, мемлекеттік қызметші өзінің лауазымдық нұсқаулығына сәйкес оған тікелей бағынысты болатын адам – мәслихатының төрағасы;
Тармақша 2
2) мәслихат аппаратының басшысы – Е-2 санатының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі;
Тармақша 3
3) «Б» корпусының қызметшісі – мәслихат аппаратының басшысын қоспағанда, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметін атқаратын адам;
Тармақша 4
4) бағалаушы адам – тікелей басшы және/немесе мәслихат аппаратының басшысы;
Тармақша 5
5) бағаланатын адам – өзіне қатысты бағалау жүргізілетін адам;
Тармақша 6
6) калибрлеу сессиялары – бағаланатын адамдардың қызметін бағалау нәтижелерін талқылау, ықтимал түзету және бекіту үшін лауазымды адамдардың кездесулері;
Тармақша 7
7) бағаланатын кезең – мемлекеттік қызметшінің жұмыс нәтижелері бағаланатын тоқсан.
Тармақ 4
4. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының тиімділігі мен сапасын анықтау үшін «Е-қызмет» ықпалдастырылған цифрлық жүйе (бұдан әрі – цифрлық жүйе) арқылы жүргізіледі.
Автоматтандырылған бағалау жүйесі енгізілген мәслихат аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін бағалау «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесінде және Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының регламентімен айқындалған ерекшеліктерді ескере отырып жүргізіледі.
Бағалауды бағалаушы адам болмаған жағдайда, оны алмастырушы адам жүргізеді.
Іссапарға жіберілген адамдарды бағалау қабылдаушы мемлекеттік органмен іссапарда болу кезеңі үшін жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Бағалау тоқсан қорытындысы бойынша – есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Қорытынды баға күнтізбелік жылдың есепті тоқсандары бойынша «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің орташа бағасы негізінде цифрлық жүйеде автоматты түрде қалыптастырылады.
Қорытынды баға есепті жылдан кейінгі жылдың 30 қаңтарынан кешіктірілмей қалыптастырылады.
Тармақ 6
6. Егер бағаланатын қызметшінің бағаланатын кезеңде нақты лауазымда болу мерзімі бағаланатын лауазымға тағайындалған немесе сайланған күннен бастап бір айдан кем болған жағдайда, оған бағалау жүргізілмейді.
Бұл ретте бағаланатын кезең қызметшінің нақты жұмыс істеген кемінде он бес жұмыс күнін қамтуы тиіс.
Тармақ 7
7. Бағалау мерзімі аяқталғанға дейін мемлекеттік органнан жұмыстан шығарылған қызметшілерді бағалау олардың қатысуынсыз 5-тармақта көрсетілген мерзімде жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Бағалау нәтижелері мынадай саралау бойынша қойылады:
«Функционалдық міндеттерін тиімді атқарады»;
«Функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады»;
«Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады»;
«Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады» (қанағаттанарлықсыз баға).
«Функционалдық міндеттерін тиімді атқарады» нәтижесіне 4-тен 5 баллға дейін, «Функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады» нәтижесіне 3-тен 3,99 баллға дейін, «Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады» нәтижесіне 2-ден 2,99 баллға дейін, «Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады» нәтижесіне 0-ден 1,99 баллға дейінгі бағалар диапазоны сәйкес келеді.
Тармақ 9
9. Бағалауды ұйымдастырушылық сүйемелдеуді функционалдық міндеттеріне кадрлық мәселелерді жүргізу кіретін мәслихат аппаратының «Б» корпусы қызметшісі – бақылау және депутаттармен жұмысы жөніндегі бас маманы (бұдан әрі – кадрлар жөніндегі бас маман), соның ішінде цифрлық жүйе арқылы қамтамасыз етеді.
Тармақ 10
10. Бағаланатын қызметші өзінің бағалау нәтижелерін цифрлық жүйеде, сондай-ақ «Е-қызмет» мобильді қосымша арқылы алады.
Жұмыстан босатылған адамдарды таныстыру, есепті тоқсаннан кейінгі айдың ішінде, таныстыру тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатты және/немесе телефонограмманы және/немесе жеделхатты және/немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабарды жіберу арқылы не хабарламаны немесе шақыруды тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызметші бағалау нәтижелерімен танысқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адамға калибрлеу сессиясын өткізу жөнінде еркін нысанда тиісті өтінішпен жүгінеді.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік қызметші калибрлеу сессиясының шешіміне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекспен белгіленген тәртіпте шағымдана алады.
Тармақ 13
13. Бағалаумен байланысты құжаттар бағалау аяқталған күннен бастап үш жыл ішінде мәслихат аппаратында кадрлар жөніндегі бас маманда, сондай-ақ техникалық мүмкіндік болған кезде цифрлық жүйеде сақталады.
Тармақ 14
14. Бағалау нәтижелері жасырын ақпарат болып табылады және қызметтік қажеттілікті, сондай-ақ «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік орган осы ақпаратты ашуға міндетті жағдайларды қоспағанда, үшінші адамдарға жария етуге жатпайды.
Тармақ 15
15. Бағалау рәсіміне байланысты келіспеушіліктерді барлық мүдделі адамдар мен тараптардың жәрдемдесуімен кадрлар жөніндегі бас маманы қарастырады.
Тармақ 16
16. Кадрлар жөніндегі бас маман мыналарға жауапты болады:
Тармақша 1
1) коммуникациялық хабарламаларды дайындау, бағалау процесіне қатысушыларға консультация жүргізуді қосқанда, қызметті бағалау процесін ұйымдастыру мен сүйемелдеу;
Тармақша 2
2) қажет болған жағдайда бағалаушы мен бағаланатын адамдардың кездесуіне қатысу, қызметті бағалау процесінің мәселелері бойынша консультация беру жолымен даулы мәселелерді шешуге көмектесу;
Тармақша 3
3) калибрлеу сессияларына дайындық шеңберінде әр қызметкерге ақпарат дайындауды қоса алғанда, калибрлеу сессиясын өткізу;
Тармақша 4
4) есепті кезең ішінде олардың қызметін бағалау шеңберінде қажетті құжаттарды толтыру толықтығы мен уақтылы орындалуын, қызметкерлердің қызметіне бағалау жүргізу шеңберінде қызметкерге тиісті хабарламалар жіберу, қажетті есептік жазбаларды жүргізу.
Тарау 2. 2-тарау. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін бағалау тәртібі
2-тарау. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін бағалау тәртібі
Тармақ 17
17. Е-2 санатындағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін (мәслихат аппаратының басшысы) бағалау мәслихат төрәғасымен Бұйрықтың 2-қосымшасына 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.
Өзге тұлғаларды бағалау құрылымдық мәслихат аппаратының басшысымен Бұйрықтың 2-қосымшасына 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.
Тармақ 18
18. Бағалаушы адамға бағалау парағы кадрлар жөніндегі бас маманмен цифрлық жүйе арқылы жіберіледі.
Тарау 3. 3-тарау. Калибрлеу сессияларын өткізу және кері байланыс ұсыну тәртібі
3-тарау. Калибрлеу сессияларын өткізу және кері байланыс ұсыну тәртібі
Тармақ 19
19. Бағалау процесіне бірыңғай тәсілді келісу және сақтау мақсатында мемлекеттік органдар осы Әдістеменің 11-тармағында көзделген тәртіппен калибрлеу сессияларын өткізеді.
Тармақ 20
20. Қызылжар аудандық мәслихатының төрәғасы қызметшінің өтініші түскен уақыттан бастап үш жұмыс күн ішінде калибрлеу сессиясын өткізу туралы өкім қабылдайды және оның құрамын бекітеді.
Калибрлеу сессиясының құрамы мүшелердің тақ санынан тұрады. Калибрлеу сессиясы мүшелерінің саны үштен кем болмауы тиіс.
Нақты калибрлеу сессиясының құрамына бағамен келіспейтін адам, сондай-ақ оны бағалаған адам кірмейді.
Калибрлеу сессиясы мүшелерінің құрамына бағалаушы адамдар (бағалауы калибрлеу сессиясында қаралуға жататын адамды қоспағанда), сондай-ақ кадрлар жөніндегі бас маман немесе мәслихат аппаратының басқа мемлекеттік қызметшісі кіреді.
Тармақ 21
21. Калибрлеу сессиясы қызметшінің өтініші түскен уақыттан бастап он жұмыс күн ішінде осы Әдістеменің 11-тармағында көзделген тәртіппен өткізіледі.
Тармақ 22
22. Кадрлар жөніндегі бас маман калибрлеу сессиясының қызметін ұйымдастырады.
Тармақ 23
23. Калибрлеу сессиясында бағалаушы адам бағаланатын адамның жұмысын қысқаша сипаттайды және өз бағасына дәлел келтіреді.
Бағаланатын адам калибрлеу сессиясының мүшелеріне жазбаша немесе ауызша нысанда бағалауға өзінің келіспейтіндігін дәлелдеуге құқылы.
Калибрлеу сессиясының мүшелері бағалаушы адамның бағасын қолдауы немесе бағалауға түзетулер енгізу үшін дәлелдер келтіруі мүмкін.
Бағалауды түзетулер жоғарылау жағынан да, төмендеу жағынан да енгізілуі мүмкін.
Қорытынды баға калибрлеу сессиясы мүшелерінің басым дауысымен қабылданады және тиісті хаттамамен рәсімделеді. Персоналды басқару қызметі хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде оның цифрлық жүйеге (техникалық мүмкіндік болған жағдайда) орналастырылуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 24
24. Калибрлеу сессиясының нәтижелері бойынша бағалаушы адам бағаланатын қызметшімен кездесу өткізеді және қорытынды бағалау нәтижесі туралы кері байланысты ұсынады.
Кездесу кезінде мынадай мәселелер талқыланады:
бағаланатын кезеңдегі жетістіктеріне шолу;
машықтар мен құзыреттердің дамуына шолу;
қызметкердің әлеуетін шолу және мансаптық мақсатын талқылау.
Бағалаушы адам кездесу кезінде ашық және достық қалыптағы диалогты қамтамасыз етеді.