О внесении изменений и дополнений в приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 4 мая 2022 года № 135 «Об утверждении Правил определения стоимости исследований, консалтинговых услуг и государственных заданий Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан» Күшін жойған
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырмаларының құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму
министрінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 135 бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырмаларының құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 135 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 27917 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтері мен мемлекеттік тапсырмаларының құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтері мен мемлекеттік тапсырмаларының құнын айқындау қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтері мен мемлекеттік тапсырмаларының құнын айқындау қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтері мен мемлекеттік тапсырмаларының құнын айқындау қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтері мен мемлекеттік тапсырмаларының құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және бюджеттік өтінімді қалыптастыру кезінде бюджет қаражаты есебінен зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырмалардың құнын айқындау тәртібін белгілейді.»;
7-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік тапсырманы орындайтын персоналдың іссапар шығыстарын (ел ішіндегі және (немесе) елден тыс жерлердегі қызметтік сапарларды);»;
5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) авторлық және сабақтас құқықтар бойынша шығыстарды, техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерді;
6) тауарлық-материалдық қорларды (оның ішінде, жанар-жағармай материалдарын, шаруашылық материалдарын, кеңсе керек-жарақтарын, декорацияларды, косметиканы, гримді, дәрі-дәрмектерді, оқу процесін жүзеге асыруға арналған материалдарды) сатып алуды;»;
25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«25) сақтандыруды, оның ішінде: шетелдік іссапарлар кезінде өмірді, сахналық декорацияларды сақтандыруды, мәдени құндылықтарды, оның ішінде музей заттарын және музей коллекцияларын сақтандыруды;»;
38) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«38) дубляждау, жазу, монтаждау, актерлерді тарту (дыбыс жолы), бейнемонтаждау, дыбыс жазу, қайта жазу бойынша көрсетілетін қызметтерді;»;
42) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«42) мемлекеттік тапсырманы орындау үшін жарналарды төлеуді;»;
мынадай мазмұндағы 43), 44), 45), 46), 47), 48) және 49) тармақшалармен толықтырылсын:
«43) қойылымдарды, концерттік іс-шараларды, оның ішінде Мемлекет басшысының қатысуымен ұйымдастыруды және өткізуді;
44) тарих және мәдениет ескерткішіндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстары бойынша көрсетілетін қызметтерді;
45) «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына сәйкес әлеуметтік көмек көрсетілетін білім алушыларға әлеуметтік көмек көрсетуді;
46) дарынды балаларды тамақтандыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, 1-4 сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерді;
47) театрлық-сахналық киімді, аяқ киімді және деректемелерді дайындау бойынша көрсетілетін қызметтерді;
48) іс-шаралардың бейне контентін дайындау бойынша көрсетілетін қызметтерді;
49) визалық қолдау көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді қамтиды.»;
8-тармақта:
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«19) мерзімді баспа басылымдарына және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарына (интернет басылымдарына) жазылу;»;
22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«22) заңды тұлғаның бизнес процестерінің сапа менеджменті жүйесін енгізу;»;
мынадай мазмұндағы 23) және 24) тармақшалармен толықтырылсын:
«23) байланыс, интернет бойынша көрсетілетін қызметтер, пошталық көрсетілетін қызметтер, смс-тарату, хостинг алаңы;
24) мүлікті бағалау.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі