О внесении изменения в постановление акимата Костанайской области от 4 мая 2022 года № 192 «Об утверждении положений отделов образования городов и районов» Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің ережелерін бекіту туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 192 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің ережелерін бекіту туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 192 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде: 9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «9. «Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: 110600, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай ауылы, Қайнекей көшесі, 1-ғимарат.».
Тармақ 2
2. «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасынның Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.