О внесении изменения в постановление акимата города Костаная от 4 октября 2022 года № 2303 «Об утверждении Положений о государственном учреждении «Отдел культуры и развития языков акимата города Костаная» и государственном учреждении «Отдел физической культуры и спорта акимата города Костаная» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 4 қазандағы № 2303 «Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі және «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережелерді бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі және «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережелерді бекіту туралы» 2022 жылғы 4 қазандағы № 2303 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін. көрсетілген қаулымен бекітілген «Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде: 15-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «3) Қостанай қаласының сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асыру;»; 15-тармақ 8) тармақшамен толықтырылсын: «8) кітапхана ісі және мәдени-демалыс қызметі саласында Қостанай қаласының мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдау және үйлестіру.».
Тармақ 2
2. «Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.