О внесении изменений в решение Талгарского районного маслихата от 4 октября 2023 года № 10-44 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Талгарского района» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Талғар аудандық мәслихатының «Талғар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 4 қазандағы № 10-44 шешiмiне өзгерістер енгiзу туралы Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Талғар аудандық мәслихатының «Талғар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 4 қазандағы № 10-44 шешiмiне келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің қосымшасында: 2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
Тармақша 1
«1) Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»; қазақ тіліндегі мәтінінде 7-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
Тармақша 1
«1) 9 мамыр – Жеңіс Күні: мәртебеcі «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабымен белгіленген, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бір рет – 450 (төрт жүз елу) айлық есептік көрсеткіш және ай сайын 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш;»; 7-тармақтағы 4) тармақшасы алынып тасталсын; 9-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
Тармақша 1
«1) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) біржолғы әлеуметтік көмек облыс бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің екі еселік мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып: оның мүлкіне зиян келтірілген жағдайда (растайтын құжат болған жағдайда) бір рет – 400 (төрт жүз) айлық есептік көрсеткіш; табиғи зілзаланың немесе өрттің салдары туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімі – үш ай;»; 9-тармақ 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын: «2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып бір рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш: пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып бір рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш;».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.