О внесении изменений в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 4 мая 2023 года № 1436 «Об утверждении Правил предоставления коммунальных услуг по городу Усть-Каменогорску» Қолданыста
Басқа 0
«Өскемен қаласы бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың Қағидаларын бекіту туралы»
Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 4 мамырдағы № 1436
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Өскемен қаласы бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың Қағидаларын бекіту туралы» Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 4 мамырдағы № 1436 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Өскемен қаласы бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың Қағидаларында:
Тармақ 9
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 9
«9. Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергияны тұрмыстық тұтыну үшiн пайдаланатын азамат абонент (тұтынушы) болған жағдайларда энергетикалық желiлердiң, сондай-ақ энергия тұтынуды есепке алу аспаптардың тиiстi техникалық жай-күйi мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мiндетi, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, энергиямен жабдықтаушы ұйымға жүктеледi.»;
Тармақ 56
56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 56
«56. Коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласындағы мәселелер Осы Қағидаларда реттелмеген, Қазақстан Республикасының өзге заңдарымен реттеледі.».
Тармақ 2
2. «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Өскемен қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Өскемен қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.