О внесении изменений в решение маслихата Коксуского района от 4 декабря 2023 года № 15-63 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Коксуского района» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көксу ауданы мәслихатының 2023 жылғы 4 желтоқсандағы «Көксу ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 15-63 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Көксу ауданы мәслихатының 2023 жылғы 4 желтоқсандағы «Көксу ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 15-63 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 189584 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Көксу ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында: 2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;» 7-тармақтың 6) тармақшасының бірінші бөлігінде «5 (бес)» саны «7 (жеті)» санына өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.