О внесении изменения в постановление акимата города Алматы от 4 сентября 2023 года № 3/473 «О компенсации расходов за питание детей дошкольного возраста из семей социально уязвимых слоев населения в дошкольных организациях» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласы әкімдігінің «Мектепке дейінгі ұйымдарда халықтың әлеуметтік осал топтарындағы отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларды тамақтандыруға кететін шығындарды өтеу туралы» 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 3/473 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Алматы қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Алматы қаласы әкімдігінің «Мектепке дейінгі ұйымдарда халықтың әлеуметтік осал топтарындағы отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларды тамақтандыруға кететін шығындарды өтеу туралы» 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 3/473 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін: 1 тармақ келесі редакцияда жазылсын: «1. Алматы қаласының мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиеленушілердің келесі жекелеген санаттары: 1) жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды; 2) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды, бала кезінен мүгедектігі бар адамдарды, мүгедектігі бар балаларды; 3) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар көп балалы отбасылардан шыққан балаларды, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен көп балалы отбасылардан шыққан балаларды; 4) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларды тамақтандыруға кететін шығындар толығымен өтелсін.».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады.