О внесении изменений и дополнений в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 4 января 2023 года № 4 «Об утверждении Правил регистрации, учета обращений, поступающих в государственные органы, органы местного самоуправления, юридические лица со стопроцентным участием государства, а также ведения информационной аналитической системы «Электронные обращения» Қолданыста
Басқа 0
«Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 4 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31679 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар қолданылады:
1) иесi бүркемеленген жолданым, хабарлама, сұрау салу, пікір, ұсыныс – иесін анықтау мүмкін емес және (немесе) арыз иесінің қойылған қолы, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы, пошталық мекенжайы жоқ жолданым, хабарлама, сұрау салу, пікір, ұсыныс;
2) жолданымның, хабарламаның, сұрау салудың, пікірдің, ұсыныстың телнұсқасы (бұдан әрі – телнұсқа) – бір тұлғадан (немесе тұлғалар тобынан) бұрын жіберілгеннің көшірмесі болып табылатын сол мәселе бойынша не соған ұқсас, соның ішінде әртүрлі субъектілерге жолданған, өзге редакцияда ресімделген немесе өзге нысанда берілген, бірақ алдыңғы қабылданған шешімді қайта қарау үшін жаңа дәлелдерді, мән-жайларды немесе құқықтық негіздерді қамтымайтын сол мәселе бойынша жолданым, хабарлама, сұрау салу, пікір, ұсыныс;
3) жолданымдарды есепке алу – жолданымдарды қабылдау, тіркеу және қарау жөніндегі мәліметтерді, оның ішінде жеке қабылдауға арыздардың, хабарламалардың, сұрау салулардың, пікірлердің, ұсыныстардың тіркелуі және олардың мемлекеттік құқықтық статистикада көрсетілуі;
4) субъект – өз құзыреттеріне сәйкес жолданымдарды, хабарламаларды, пікірлерді, ұсыныстарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттің қатысуы жүз пайызды құрайтын заңды тұлғалар;
5) тег – жолданымның, хабарламаның, сұрау салудың, пікірдің, ұсыныстың қысқаша мәнін сипаттайтын және кілт сөздер болып табылатын бір немесе бірнеше сөздер және (немесе) сөз тіркестері;
6) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті, оның аумақтық және оған теңестірілген органдары;
7) ұжымдық жолданым – екі және одан да көп жеке немесе заңды тұлғалардың бір мәселе (талап) бойынша сол бір адамдардың мүдделерін білдіретін жолданымы, хабарламасы, сұрау салуы, пікірі, ұсынысы;
8) электрондық ақпараттық есепке алу құжаты (бұдан әрі – есепке алу карточкасы) – мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу деректері қалыптасатын құқықтық статистикалық ақпарат тасымалдағышы.»;
4-тармақта:
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«ТЖ-1 нысанының «Құжат түрі» 8-деректемесін тегті енгізе отырып редакциялау жолданым, хабарлама, сұрау салу, пікір, ұсыныс мазмұнына сәйкес келмеген жағдайда жүргізіледі.»;
мынадай редакциядағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жеке қабылдауға жолданымдарды тіркеу осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Жеке қабылдау» есепке алу карточкасын (бұдан әрі – ЖҚ-1 нысаны) толтыру арқылы «Электрондық жолданымдар» АТЖ-да жүзеге асырылады.»;
6-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) «ҰЖ» - ұжымдық жолданым, хабарлама, сұрау салу, пікір, ұсыныс;»;
мынадай редакциядағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) «ЖҚ» - жеке қабылдауға арыз.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Егер жолданымда, хабарламада, сұрау салуда, пікірде, ұсыныста бірнеше мәселе (талап) қамтылған жағдайда, олардың арасында қаралуы субъектінің құзыретіне кірмейтін мәселе (талап) болса, онда осы жолданым, хабарлама, сұрау салу, пікір, ұсыныс мәселенің (талаптың) осы бөлігінде құзыреті бойынша Кодекстің 65-бабының екінші бөлігіне сәйкес негізгі жолданымның, хабарламаның, сұрау салудың, пікірдің, ұсыныстың реттік нөмірін көрсете отырып, тіркеу нөмірі қиғаш сызық (бөлшек) арқылы беріліп, басқа субъектіге жіберіледі.
Көрсетілген жолданым, хабарлама, сұрау салу, пікір, ұсыныс бойынша талонды оларды мәні бойынша қарау үшін алған субъект береді.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Жолданымды, хабарламаны, сұрау салуды, пікір, ұсынысты тіркегенге дейін «Электрондық жолданымдар» АТЖ бойынша тексеріс жүзеге асырылады және жолданымның, хабарламаның, сұрау салудың, пікірдің, ұсыныстың телнұсқа болып табылмайтыны анықталады.
Телнұсқалар осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес тіркелуге жатады және олар бойынша осы Қағидалардың 22-тармағына сәйкес шешімдер қабылданады.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Мыналар:
1) бір субъектіден басқа субъектіге келіп түскен қызметтік құжаттар;
2) жоғары тұрған органның тапсырмалары мен нұсқаулары;
3) жарнамасы бар ұсыныстар, коммерциялық ұсыныс;
4) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жолданымдарды қоспағанда, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша жолданымдар;
5) қарау тәртібі Кодекстің 3-бабының 4-бөлігімен және «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабының 9-тармағымен реттелетін жолданымдар, хабарламалар, сұрау салулар, пікірлер, ұсыныстар, өтінішхаттар;
6) өтінішхаттары жоқ шақырулар мен хабарламалар;
7) материалдық көмек көрсету туралы жолданымдар есепке алуға жатпайды.
Осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген «Электрондық жолданымдар» АТЖ-ға келіп түскен құжаттар ТЖ-2 нысанын толтыру жолымен басқа ақпараттық жүйелерге көшірілуге жатады.
Басқа ақпараттық жүйелерге көшіру келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қарау мерзімдері «Электрондық жолданымдар» АТЖ-да тіркелген күннен бастап есептеледі.
Басқа ақпараттық жүйелерге көшіруді жою шешім қабылданған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. «Электрондық жолданымдар» АТЖ-ны жүргізу мәліметтерді, оның ішінде әкімшілік рәсімдер бойынша әрбір іс-әрекетке және шешімге ТЖ-1, ТЖ-2, ЖҚ-1, АИ-1 нысанының тиісті деректемелерін толтыру арқылы жолданым, жеке қабылдау, хабарлама, пікір, ұсыныс бойынша қабылданған шешімдерді көрсету болып табылады.
ЖҚ-1 нысаны жеке тұлғаның және заңды тұлға өкілінің әрбір жеке қабылдау туралы жолданымына толтырылады.
Жеке қабылдау жүргізілмеген жағдайда, жеке қабылдау жүргізбеу себебін көрсете отырып, ЖҚ-1 нысаны толтырылады.»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Есепке алу карточкалары деректемелік құрамына сәйкес толтырылады:
1)ТЖ-1 нысанында:
1, 2, 3, 5 деректемелері жолданым, хабарлама, сұрау салу, пікір, ұсыныс тіркелгеннен кейін автоматты түрде (мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграция болмаған кезде – қолмен) толтырылады;
9-деректеме 8 – деректемедегі мағынаға байланысты автоматты түрде (мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграция болмаған кезде – қолмен) толтырылады;
10-деректеме шағымды тіркеген субъектінің атауын бере отырып, автоматты түрде (мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграция болмаған кезде – қолмен) толтырылады;
13-деректеме жолданымдарды, хабарламаларды, сұрау салуларды, пікірлерді, ұсыныстарды қарау мерзіміне байланысты автоматты түрде (мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграция болмаған кезде – қолмен) толтырылады;
2) АИ-1 нысанында:
1, 2 деректемелер ТЖ-1 нысанынан деректерді жүктеу арқылы автоматты түрде (мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграция болмаған кезде – қолмен) толтырылады;
3, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26 деректемелер 4-деректемені толтырған және жеке және заңды тұлғалардың деректерін мемлекеттік деректер базасынан алған кезде автоматты түрде (мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграция болмаған жағдайда – қолмен) толтырылады;
12, 13, 14, 15, 16, 17, 18 деректемелер тексерілуге және жолданым, хабарлама, сұрау салу, пікір, ұсыныста көрсетілген пошта адресінде айырмашылықтар болған жағдайда сәйкес келтірілуге тиіс;
3)ТЖ-2 нысанында:
1, 2, 3-деректемелер ТЖ-1 нысанынан деректерді жүктеу арқылы автоматты түрде толтырылады;
4-деректемеде әрбір қабылданған шешімге жеке ТЖ-2 нысаны толтырылады;
4)ЖҚ-1 нысанында:
деректемелерді жеке қабылдауды ұйымдастыруға жауапты лауазымды тұлға толтырады.»;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. «Электрондық жолданымдар» АТЖ-ға кіруді субъектінің электрондық-цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық өтінімді жіберу арқылы ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган қамтамасыз етеді.»;
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«32. «Электрондық жолданымдар» АТЖ-дан берілген ТЖ-1, АИ-1, ТЖ-2, ЖҚ-1 нысандарының мәліметтері негізінде уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «Жолданымдарды, хабарламаларды, сұрау салуларды, пікірлерді, ұсыныстарды қарау туралы» ТӨ-№1 нысанының есебі (бұдан әрі – ТӨ-№ 1 есебі) қалыптастырылады.
ТӨ-№1 есебі электрондық нысанда уәкілетті органның орталық аппаратының автоматтандырылған режимінде қалыптастырылады.
ТӨ-№1 жиынтық есебі ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінде өсу нәтижесімен қалыптастырылады.
Егер мерзімнің аяқталуы жұмыс істемейтін күнге түссе (демалыс, мереке), онда мерзімнің соңғы күні деп одан кейінгі келесі бірінші жұмыс күні есептеледі.»;
34-тармақ алып тасталсын;
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қағидаларға 2-1-қосымшамен толықтырылсын;
Қағидаларға 5-қосымшаға:
«Жолданымдарды, хабарламаларды, сұрау салуларды, пікірлерді, ұсыныстарды қарау туралы» 1-ТӨ есеп осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Жеке қабылдау» 5-бөлімімен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне, Комитеттің аумақтық және оларға теңестірілген органдарына орындау үшін жолдануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Жеке қабылдау
Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2025 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 170 Бұйрыққа
1-қосымша
Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларына
2-1-қосымша
нысан
Жеке қабылдау
Тармақ 1
1. Субъектінің атауы (анықтамалық бойынша)
Тармақ 2
2. Қабылдау карточкасының тіркеу нөмірі ____________________________
Тармақ 3
3. Кезек нөмірі ___________________________________________________
Тармақ 4
4. Кезекке қою күні 20__ жыл «__» _________________________________
Тармақ 5
5. Кестеден тыс 1) иә; 2) жоқ
Тармақ 6
6. Қабылдау түрі 1) онлайн; 2) офлайн
Тармақ 7
7. Азаматтардың санаты 1) жеке; 2) заңды
Тармақ 8
8. Мәртебесі 1) резидент; 2) резидент емес
Тармақ 9
9. Жынысы 1) еркек; 2) әйел
Тармақ 10
10. Жеке сәйкестендіру нөмірі*_____________________________________
Тармақ 11
11. Тегі*_________________________________________________________
Тармақ 12
12. Аты*_________________________________________________________
Тармақ 13
13. Кәсіп түрі (жұмыс орны) ________________________________________
Тармақ 14
14. Ұлты (анықтамалық бойынша)
Тармақ 15
15. Азаматтық (анықтамалық бойынша)
Тармақ 16
16. Туған күні 20__ жыл «__» _______________________________________
Тармақ 17
17. Жасы (анықтамалық бойынша)
Тармақ 18
18. Әлеуметтік мәртебе* (анықтамалық бойынша)
Тармақ 19
19. Тіркеу мекенжайы ______________________________________________
Тармақ 20
20. Нақты тұрғылықты мекенжайы ___________________________________
Тармақ 21
21. Үй / жұмыс телефоны ___________________________________________
Тармақ 22
22. Ұялы телефон __________________________________________________
Тармақ 23
23. Сұрақтың сипаты (анықтамалық бойынша)
Тармақ 24
24. Азаматтарды қабылдауда төрағалық ететін лауазымды тұлға («басшы» рөлімен пайдаланушылардың анықтамалық бойынша)
Тармақ 25
25. Жеке қабылдау бойынша шешім (анықтамалық бойынша)
Тармақ 26
26. Қабылдау күні* 20__ жыл «__» __________________________________
Тармақ 27
27. Қабылдау уақыты*
Тармақ 28
28. Қабылдау орны / қала * ӘШНЖ
Тармақ 29
29. Қабылдау орны / адресат* ______________________________________
Тармақ 30
30. Жолданым берушіге түсініктеме ________________________________
Тармақ 31
31. Азаматтарды қабылдауды жүргізген лауазымды тұлға (қабылдауды нақты жүргізген лауазымды адам таңдалады)* (анықтамалық бойынша)
Тармақ 32
32. Отырыс хатшысы (хатшының ТАӘ (болған жағдайда))* ______________
Тармақ 33
33. Қабылдауға қатысты* ТАӘ (болған жағдайда) ______________________
Тармақ 34
34. Хаттаманы қалыптастыру тілі (анықтамалық бойынша)
Тармақ 35
35. Пікір __________________________________________________________
Тармақ 36
36. Қабылдау өткізілмеді (түсініктеме қабылдауды өткізбеу себебі) ________
Ескерту: * міндетті деректеме
Басқа 2
Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2025 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 170 Бұйрыққа
2-қосымша
Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларына
5-қосымша
нысан
«Жолданымды, хабарламаны, сұрау салуды, пікірді, ұсынысты қарау» 1-ТӨ нысаны
5-бөлім. Жеке қабылдау
Көрсеткіштердің атауы
Баған кодтары
Жыл басындағы жеке қабылдауға қаралмаған жолданымдардың қалдығы
Жеке қабылдауға барлығы өтініш келіп түсті
оның ішінде:
Есепті кезеңнің соңындағы қалдық
Мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органның басшысымен қабылдады
Мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органның басшысының орынбасарымен қабылдады
Шешім
Жеке қабылдауға жазылды
Жеке қабылдауға жазудан бас тартылды
Қанағат тандырылды
Бас тартылды
Түсініктеме берілді
А
Б
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Барлығы
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің (бұдан әрі - Кодекс) 20-бабы 2-бөлігінде көзделген мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалардың тізбесі