О внесении изменения в приказ Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 4 июля 2023 года № 490 «Об использовании участка автомобильной дороги общего пользования республиканского значения «Большая Алматинская Кольцевая автомобильная дорога» (БАКАД) на платной основе» Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ақылы негізде «Үлкен Алматы Айналма Автомобиль Жолы» (ҮАААЖ) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының учаскесін пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 4 шiлдедегi № 490 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН :
Тармақ 1
1. «Ақылы негізде «Үлкен Алматы Айналма Автомобиль Жолы» (ҮАААЖ) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының учаскесін пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 4 шілдедегі № 490 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33038 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Басқа 1. Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлемақы мөлшерлемесі
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 31 шілдедегі № 199 Бұйрыққа қосымша Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 4 шілдедегі № 490 бұйрығына 2-қосымша Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлемақы мөлшерлемесі І-А санаты 00+000 км – 66+000 км «Үлкен Алматы Айналма Автомобиль Жолы» республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолы (учаскесі) : Айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі-АЕК) Же­ңіл ав­то­мо­биль­дер 16 жо­ла­у­шы ор­ны­на дей­ін­гі ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 2,5 тон­на­ға (бұ­дан әрі-т) дей­ін­гі жүк ав­то­мо­биль­де­рі 32 жо­ла­у­шы ор­ны­на дей­ін­гі ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 5,5 тон­на­ға дей­ін­гі жүк ав­то­мо­биль­де­рі 32 жо­ла­у­шы ор­ны­на дей­ін­гі ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 тон­на­ға дей­ін­гі жүк ав­то­мо­биль­де­рі Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 тон­на­дан 15 тон­на­ға дей­ін­гі жүк ав­то­мо­биль­де­рі Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 15 тон­на­дан ба­ста­ла­тын жүк ав­то­мо­биль­де­рі, оның ішін­де тір­ке­ме­ле­рі бар ер­шік­ті тарт­қы­штар Бір сағат ішінде жүріп өткен жолға қарамастан сапар құны 0,14 АЕК 0,16 АЕК 0,28 АЕК 0,32 АЕК 0,4 АЕК 0,44 АЕК
Тармақша 1
1) абоненттік төлем – бір ай немесе бір жыл мерзімге абонемент түрінде Алматы облысының Талғар, Қарасай, Іле аудандарының елді мекендерінде тіркелген автокөлік құралдары үшін белгілі бір уақыт кезеңіне автомобиль жолдары саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген ақылы учаскелер бойынша жол жүру төлемі; бір айға абонемент (АЕК): Кө­лік тү­рі Же­ңіл кө­лік үшін 16 орын­ға дей­ін­гі ав­то­бу­стар мен жүк кө­тер­гіш­ті­гі 2,5 тон­на­ға дей­ін­гі жүк ав­то­мо­биль­де­рі үшін 32 орын­ға дей­ін­гі ав­то­бу­стар мен жүк кө­тер­гіш­ті­гі 5,5 тон­на­ға дей­ін­гі жүк ав­то­мо­биль­де­рі үшін 32 орын­нан аса­тын ав­то­бу­стар және ав­то­пой­ы­здың жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 тон­на­ға дей­ін­гі жүк ав­то­мо­биль­де­рі үшін Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 тон­на­дан 15 тон­на­ға дей­ін­гі жүк ав­то­мо­биль­де­рі үшін Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 15 тон­на­дан аса­тын жүк ав­то­мо­биль­де­рі, оның ішін­де тір­ке­ме­ле­рі бар үшін ер­шік­ті тарт­қы­штар үшін 1 2 3 4 5 6 7 Абоненттік төлем құны 0,5 АЕК 0,6 АЕК 1 АЕК 1,5 АЕК 2 АЕК 2,5 АЕК бір жылға абонемент (күнтізбелік 365 күн) (АЕК): Кө­лік тү­рі Же­ңіл кө­лік үшін 16 орын­ға дей­ін­гі ав­то­бу­стар мен жүк кө­тер­гіш­ті­гі 2,5 тон­на­ға дей­ін­гі жүк ав­то­мо­биль­де­рі үшін 32 орын­ға дей­ін­гі ав­то­бу­стар мен жүк кө­тер­гіш­ті­гі 5,5 тон­на­ға дей­ін­гі жүк ав­то­мо­биль­де­рі үшін 32 орын­нан аса­тын ав­то­бу­стар және ав­то­пой­ы­здың жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 тон­на­ға дей­ін­гі жүк ав­то­мо­биль­де­рі үшін Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 тон­на­дан 15 тон­на­ға дей­ін­гі жүк ав­то­мо­биль­де­рі үшін Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 15 тон­на­дан аса­тын жүк ав­то­мо­биль­де­рі, оның ішін­де тір­ке­ме­ле­рі бар ер­шік­ті тарт­қы­штар үшін 1 2 3 4 5 6 7 Абоненттік төлем құны 5 АЕК 6 АЕК 10 АЕК 15 АЕК 20 АЕК 25 АЕК
Тармақша 2
2) концессионер пайдаланушыларды ақылы жолмен (учаскемен) жүріп өту туралы ақпараттандыру мақсатында концессионердің байланыс орталығы арқылы хабардар етеді, оның нөмірі жария шартта және/ немесе концессионердің интернет-ресурсында көрсетілген;
Тармақша 3
3) байланыс орталығы – ұйымдастырушының дауыстық байланыс арналары, электрондық және почта қызметтері арқылы пайдаланушылардан өтініштерді өңдеуді жүзеге асыратын, сондай-ақ пайдаланушылардың өтініштерімен жұмысты онлайн-чат режимінде жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (байланыс орталығының нөмірі жария шартта көрсетілген);
Тармақша 4
4) ақылы учаскелер бойынша жол жүру ақысының мөлшерлемесі – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес автомобиль жолдары саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген жол жүру ақысының мөлшері;
Тармақша 5
5) алдын ала төлем – пайдаланушы ақылы учаскеге кіргенге дейін автокөлік құралының дербес шотына немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің шотына есептеген ақшалай қаражат, оның сомасы жол ақысын төлеу үшін жеткілікті, алдын ала төленген жағдайда пайдаланушыларға тарифтің 50% мөлшерінде жол ақысын төлеу мүмкіндігі беріледі;
Тармақша 6
6) кейінгі төлем – ақылы учаскелерде белгіленген техникалық құралдармен тіркелгеннен кейін пайда болған жол жүру сомасын төлеу үшін автокөлік құралының дербес шотына немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің шотына есептелген ақшалай қаражат, тіркелген кезден бастап 7 жұмыс күнге дейінгі мерзімде жол жүру ақысын төлеген жағдайда пайдаланушыларға тарифтің 50% мөлшерінде жол жүру ақысын төлеу мүмкіндігі беріледі;
Тармақша 7
7) жол жүру құны ақылы жолда (учаскеде) болу уақыты және автокөлік құралының типі бойынша тарифтеледі және автокөлік құралының жүріп өткен жолына байланысты болмайды;
Тармақша 8
8) ақы алу жүйесінің типі – көпжолақты тоқтаусыз еркін ағынмен ашық типтегі бақылау аркасы.