О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 862 «Некоторые вопросы Министерства транспорта Республики Казахстан» Қолданыста
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 862 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 862 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
308) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«308) цифрлық авиажүкқұжатының нысанын әзірлеу және бекіту;»;
380-1) тармақшамен толықтырылсын:
«380-1) авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамын бекітеді;»;
381) және 382) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«381) азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалардың деректерін ұсыну және оларды тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті ұйымның ұсынуы бойынша авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияны құру;
382) азаматтық және эксперименттік авиацияда деректерді ұсыну және авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
383) тармақша алып тасталсын;
390) тармақша алып тасталсын;
392) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 429-16), 429-17), 429-18), 429-19), 429-20), 429-21), 429-22), 429-23) тармақшалармен толықтырылсын:
«429-16) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне гуманитарлық көмек көрсету үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын броньнан шығару туралы ұсыныстар енгізеді;
429-17) мемлекеттік материалдық резерв және жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша қарыз алу тәртібімен жұмылдыру резервінен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешім қабылдайды;
429-18) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемдері бойынша және номенклатура өзгерген кезде мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын броньнан шығару туралы ұсыныстар енгізеді;
429-19) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен сақтау көлемдеріне сәйкес жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын беруге тапсырыстарды орналастырады;
429-20) жаңарту тәртібімен жұмылдыру резервінен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешім қабылдайды;
429-21) алушы мемлекеттік органдармен және мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешімімен жаңартылуға жататын жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды басқа мемлекеттік органдардың балансына өтеусіз негізде беруді жүзеге асырады;
429-22) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын ауыстыру туралы шешім қабылдайды;
429-23) жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сақтауды және жаңартуды ұйымдастырады;».
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.