О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 863 «Некоторые вопросы Министерства водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 863 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 863 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі туралы ережеде: 15-тармақта: мынадай мазмұндағы 81-1) тармақшамен толықтырылсын: «81-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен табиғат қорғау және (немесе) санитариялық-эпидемиологиялық су ағызу көлемiн бекітеді;»; 101) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «101) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеу әдістемесін бекітеді;»; мынадай мазмұндағы 101-1) тармақшамен толықтырылсын: «101-1) салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекітеді;»; мынадай мазмұндағы 206-1), 206-2) және 206-3) тармақшалармен толықтырылсын: «206-1) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша халыққа қатер төндіретін гидротехникалық құрылысжайлардың тізбесін айқындайды;» 206-2) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 40-бабына сәйкес жүзеге асырылатын мониторинг нәтижелерін жариялауды қамтамасыз етеді; 206-3) мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірістің бөлігін бюджетке толық және уақтылы аударуын бақылауды жүзеге асырады;».
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.