О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 864 «Некоторые вопросы Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ережесінде: 15-тармақта: мынадай мазмұндағы 370-1) және 370-2) тармақшалармен толықтырылсын: «370-1) бюджеттік саясат жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру тәртібін келісу; «370-2) техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді талап етпейтін жобалардың тізбесін әзірлеу;» 375) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «375) аумақтық дамудың өңіраралық схемаларын әзірлеу және келісу;»; мынадай мазмұндағы 382-1), 382-2) және 382-3) тармақшалармен толықтырылсын: «382-1) Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін белгілеу; 382-2) Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласындағы ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығын айқындау; 382-3) Сумен жабдықтауды және су бұруды басқарудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесін ұйымдастыру, қалыптастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын әзірлеу және бекіту;»; мынадай мазмұндағы 421-1) тармақшамен толықтырылсын: «421-1) төтенше жағдай салдарынан тұрғынжайсыз қалған азаматтарға салынған тұрғын үй беру қағидаларын айқындау;»; мынадай мазмұндағы 452-11), 452-12), 452-13), 452-14), 452-15), 452-16) және 452-17) тармақшалармен толықтырылсын: «452-11) энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жобаларды жоспарлау, іріктеу, келісу, жобалау, салу және (немесе) пайдалану процестерін мониторингтеу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 452-12) энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру, жобалар мен өнім берушілерді іріктеу, шарттар жасасу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 452-13) энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның электрондық сатып алу платформасының жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 452-14) энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның электрондық сатып алу платформасының әкімшісін айқындау; 452-15) энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және салу жобаларының үлгілік конкурстық құжаттамасын әзірлеу және бекіту; 452-16) энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде қазақстандық тауар өндірушілерден тауарларды сатып алу және офтейк-келісімшарттар жасасу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 452-17) бірыңғай есеп айырысу орталығының жұмыс істеу талаптары мен тәртібін айқындау;»; 456) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «456) коммуналдық көрсетілетін қызметтер тізбесін, бірыңғай төлем құжатына қойылатын талаптарды және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;»; мынадай мазмұндағы 478-3) тармақшамен толықтырылсын: «478-3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйелерді қолдануды айқындау;».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.