О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 865 «О некоторых вопросах Министерства туризма и спорта Республики Казахстан» Қолданыста
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің
кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысына
өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
162-4) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 162-10) тармақшамен толықтырылсын:
«16-10) бірыңғай есепке алу жүйесіне, бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаға, сондай-ақ ол төлем ұйымының қызметтерін көрсету үшін тартатын заңды тұлғаға құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалардың тізіміне үздіксіз қол жеткізуді қамтамасыз етеді;»;
мынадай мазмұндағы 185-19) және 185-20) тармақшалармен толықтырылсын:
«185-19) құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтайды және өз құзыреті шегінде оларды жою жөнінде шаралар қабылдайды;
185-20) өзге де мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, құқық қорғау органдарында есепте тұрған жастарды қоса алғанда, құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тарту жөніндегі жұмысты үйлестіреді;».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.