О внесении изменений в решение акима Жанааркинского района от 4 апреля 2024 года № 2 «Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба» Күшін жойған
Басқа 0
Жаңаарқа ауданы әкімінің 2024 жылғы 4 сәуірдегі №2 «Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының, 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50- бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» №240 бұйрығына сәйкес, Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2024 жылғы 10 сәуірдегі №3 хаттамасы және Жаңаарқа аудандық прокуратурасының 2024 жылғы 10 сәуірдегі №2-08-24-00324 наразылықтың негізінде, Жаңаарқа ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. «Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» Жаңаарқа ауданы әкімінің 2024 жылғы 4 сәуірдегі №2 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының Қараағаш ауылдық округінде жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.».
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары Ибраев Мұрат Есіркепұлы тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 26 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.