О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 4 апреля 2025 года № 151 «Некоторые вопросы Единой бюджетной классификации Республики Казахстан» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 151 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 151 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында: Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасында: 1 «Ағымдағы шығындар» санатта: 1 «Тауарлар мен қызметтерге арналған шығындар» сыныбында: 150 «Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу» кіші сыныбында: 158 «Ақпараттандыру саласындағы жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу» ерекшелігінің атауы мынадай редакцияда жазылсын: «158 Цифрландыру саласындағы жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу»; 2 «Күрделі шығындар» санатта: 4 «Негізгі капиталды сатып алу» сыныбында: 430 «Дамуға бағытталған күрделі шығындар» кіші сыныбында: 434 «Ақпараттық жүйелерді құру, енгізу және дамыту» ерекшелігінің атауы мынадай редакцияда жазылсын: «434 Цифрлық жүйелерді құру, енгізу және дамыту»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында: 150 «Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу» кіші сыныбында: мына: « 158 Ақпараттандыру саласындағы жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен айқындалған жұмыстар мен қызметтер тізімі » деген жол мынадай редакцияда жазылсын: « 158 Цифрландыру саласындағы жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу Бұл ерекшелiк бойынша цифрландыру саласындағы жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу жөнiндегi шығындар көрсетiледi. »; 410 «Негiзгi құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтерді сатып алу» кіші сыныбында: мына: « 430 Дамуға бағытталған күрделі шығындар Осы кіші сыныпта қолданыстағы объектілердің (ғимараттар, құрылыстар және олардың кешендері, коммуникациялар) жаңаларын салу және (немесе) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау), оларға байланысты технологиялық және инженерлік жабдықты монтаждау (бұзу), құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларды жасау (өндіру), аяқталмаған объектілер құрылысын консервациялау және өз ресурсын шығарған объектілерді постулизациялау бойынша жұмысты жүзеге асыру арқылы өндірістік және өндірістік емес негізгі қорларды құру бойынша құрылыс қызметіне байланысты барлық шығындар көрсетіледі, сондай-ақ қайта жаңғырту мен күрделі жөндеуден басқа, сол сияқты ақпараттың жүйелерді құруға, енгізуге және дамытуға және бюджеттен бірлесіп қаржыландыру шарттарында концессиялық жобаларды icкe асыруға арналған шығындар көрсетіледі. «Толық бітіріп берілетін» (EPC) құрылыс жобалары бойынша шығындар. Осы кіші сынып бойынша жобалық (жобалау-сметалық) құжаттамаларды әзірлеу мен сараптауға арналған шығындар көрсетіледі. Жобалау алдындағы (техникалық-экономикалық негіздеме) құжаттамаларды әзірлеу мен сараптауға арналған шығындар 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарды төлеу» ерекшелігі бойынша сыныпталады. »; деген жол мынадай редакцияда жазылсын: « 430 Дамуға бағытталған күрделі шығындар Осы кіші сыныпта қолданыстағы объектілердің (ғимараттар, құрылыстар және олардың кешендері, коммуникациялар) жаңаларын салу және (немесе) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау), оларға байланысты технологиялық және инженерлік жабдықты монтаждау (бұзу), құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларды жасау (өндіру), аяқталмаған объектілер құрылысын консервациялау және өз ресурсын шығарған объектілерді постулизациялау бойынша жұмысты жүзеге асыру арқылы өндірістік және өндірістік емес негізгі қорларды құру бойынша құрылыс қызметіне байланысты барлық шығындар көрсетіледі, сондай-ақ қайта жаңғырту мен күрделі жөндеуден басқа, сол сияқты цифрлық жүйелерді құруға, енгізуге және дамытуға және бюджеттен бірлесіп қаржыландыру шарттарында концессиялық жобаларды icкe асыруға арналған шығындар көрсетіледі. «Толық бітіріп берілетін» (EPC) құрылыс жобалары бойынша шығындар. Осы кіші сынып бойынша жобалық (жобалау-сметалық) құжаттамаларды әзірлеу мен сараптауға арналған шығындар көрсетіледі. Жобалау алдындағы (техникалық-экономикалық негіздеме) құжаттамаларды әзірлеу мен сараптауға арналған шығындар 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарды төлеу» ерекшелігі бойынша сыныпталады. »; мына: « 434 Ақпараттық жүйелерді құру, енгізу және дамыту Ақпараттық жүйелерді құру, енгізу және дамыту бойынша қызметтерді төлеуге арналған шығындар, сондай-ақ инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінде көзделген негізгі қаражаттар мен материалдық емес активтерді сатып алу бойынша шығындар. » деген жол мынадай редакцияда жазылсын: « 434 Цифрлық жүйелерді құру, енгізу және дамыту Цифрлық жүйелерді құру, енгізу және дамыту бойынша қызметтерді төлеуге арналған шығындар, сондай-ақ инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінде көзделген негізгі қаражаттар мен материалдық емес активтерді сатып алу бойынша шығындар. ».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.