О внесении изменения в постановление акимата Павлодарской области от 4 августа 2025 года № 213/1 «Об утверждении перечня приоритетных культур и норм субсидий, а также объемы бюджетных средств на повышение урожайности и качества продукции растениеводства по Павлодарской области на 2025 год» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«2025 жылға арналған Павлодар облысы бойынша басым дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын,сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы» Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы 4 тамыздағы № 213/1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «2025 жылға арналған Павлодар облысы бойынша басым дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын,сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы» Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы 4 тамыздағы № 213/1 қаулысына (Нормативтік нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 213071 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізу: көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Павлодар облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу ұшін шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республиқасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруды; осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамассыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. 2025 жылға арналған басым дақылдардың тізбесі және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған субсидиялар нормалары
Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы «9» қазандағы № 267/1 қаулысына қосымша Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы «4» тамыздағы № 213/1 қаулысына қосымша 2025 жылға арналған басым дақылдардың тізбесі және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған субсидиялар нормалары № Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы Өлшем бірлігі, тонна, гектар 1 тоннаға арналған субсидиялардың нормалары, теңге 1 Өнеркәсіптік жылыжайдағы көкөністер гектар 5 153 301 2 Қарақұмық тонна 20 000