О внесении изменений в приказ исполняюшего обязанности Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 4 ноября 2025 года № 473 «Об утверждении Правил предоставления жилищ гражданам, оставшимся без жилища в результате чрезвычайной ситуации» Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі міндетін атқарушының 2025 жылғы 4 қарашадағы № 473 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі міндетін атқарушының 2025 жылғы 4 қарашадағы № 473 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37344 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру қағидасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп жəне құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп жəне құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп жəне құрылыс вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
Басқа 1. Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру қағидалары
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі 2026 жылғы 27 шілдедегі № 378 Бұйрыққа қосымша Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі міндетін атқарушының 2025 жылғы 4 қарашадағы № 473 Бұйрыққа қосымша Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрғын үй беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйсіз қалған Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрғын үй беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалар 2026 жылғы 9 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының құрылыс кодексіне» сәйкес жылжымайтын мүлік объектілеріне жатпайтын уақытша құрылыстарға, шаруашылық-тұрмыстық және өзге де құрылыстарға, сондай-ақ заңсыз салынған объектілерге қолданылмайды.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) төтенше жағдай – адам шығынына, адамдардың денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіруге, елеулі материалдық нұқсанға және адамдардың тыныс-тіршілігі жағдайларының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін немесе әкеп соққан аварияның, өрттің, қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің, қауіпті табиғи құбылыстың, апаттың, дүлей немесе өзге де зілзаланың салдарынан қалыптасқан белгілі бір аумақтағы жағдай;
Тармақша 2
2) табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар – қауіпті табиғи құбылыстар (геофизикалық, геологиялық, метеорологиялық, агрометеорологиялық, гидрогеологиялық қауіпті құбылыс), табиғи өрттер, эпидемиялар, ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi мен ормандардың аурулармен және зиянкестермен зақымдануы салдарынан қалыптасқан төтенше жағдайлар;
Тармақша 3
3) техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар – қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінен, көлiк авариялары мен басқа да авариялардан, өрттерден (жарылыстардан), күштi әсер ететiн улы, радиоактивтi және биологиялық қауiптi заттар жайылатын (жайылу қатері бар) авариялардан, ғимараттар мен құрылыстардың кенеттен құлауынан, бөгеттердің бұзылуынан, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн электр энергетикасы және коммуникация жүйелерiндегi, тазарту құрылыстарындағы авариялардан болған төтенше жағдайлар;
Тармақша 4
4) тұрғынжай – тұрақты тұруға арналған және сол үшін пайдаланылатын, белгіленген құрылыс, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға сай келетін жеке тұрғынжай бірлігі (дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме, модульдік (мобильді) тұрғын үй);
Тармақша 5
5) үлгілік жоба – сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік бағдарламасы шеңберінде әзірленетін, кейіннен жобалау кезінде көп мәрте қолдануға арналған жобалау-сметалық құжаттама;
Тармақша 6
6) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
Тармақша 7
7) төтенше жағдайлардың салдарларын жою – инженерлік инфрақұрылымды, тұрғын үйді, қоршаған ортаны қалпына келтіру, халыққа әлеуметтік-оңалту көмегін көрсету бойынша жүргізілетін іс-шаралар, төтенше жағдайлар салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу.
Тарау 2. 2-тарау. Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрғын ұй беру тәртібі
2-тарау. Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрғын ұй беру тәртібі
Тармақ 4
4. Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған Қазақстан Республикасы азаматтары төтенше жағдай туындағаннан кейін аумағында төтенше жағдай болған жергілікті атқарушы органға өтініш беріп, мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) зардап шеккен Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 2
2) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жылжымайтын мүлік иесінен (не сенімхат бойынша оның өкілінен) өтініш;
Тармақша 3
3) жылжымайтын мүлік объектісінің (тұрғын үйдің) кадастрлық паспорты;
Тармақша 4
4) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты (жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін акт);
Тармақша 5
5) жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы берген анықтама.
Тармақша 6
6) зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтарында тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттар болмаған жағдайда «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының мәліметтері, сондай-ақ мына: әлеуметтік қорғау органдары; ішкі істер органдары, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы; денсаулық сақтау және білім беру мекемелері мәліметтерінің; коммуналдық төлемдерді төлеу туралы мәліметтердің бірі көрсетілген тұрғын үйге иелік етуді растау болып табылады.
Тармақ 5
5. Төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғынжайдың беріктігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау «Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 263 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 38827 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады және оның және олардың элементтерінің нақты жай-күйін, беріктігі мен орнықтылығын, ғимараттар мен құрылыстарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында жүргізіледі. Төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғынжайдың беріктігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жөніндегі шығыстар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Тұрғын үйсіз қалған және оны алуға мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарының тізімі өтініштер негізінде қалыптастырылады. Зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтарынан өтініштер төтенше жағдай жарияланған күннен бастап екі ай ішінде қабылданады.
Тармақ 7
7. Тұрғын үйсіз қалған және оны алуға мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарының қалыптастырылған тізімдері Қазақстан Республикасының азаматы өтініш берген күннен бастап айына кемінде екі рет жергілікті атқарушы органның интернет-сайтында және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Тармақ 8
8. Тұрғын үйсіз қалған және оны алуға мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарының тізімдерін қалыптастыру аяқталғаннан кейін күнтізбелік екі күн өткен соң аумағында табиғи және/немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай болған жергілікті атқарушы орган төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнінде комиссия (бұдан әрі – тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі комиссия) құрады. Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі комиссия осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген, ұсынылған құжаттардың және жергілікті атқарушы орган қоса берген төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғынжайдың жай-күйі туралы зерттеп-қарау жөніндегі қорытындының негізінде оларды одан әрі пайдаланудың мүмкін еместігі туралы ұсынымдарды көрсете отырып, 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру туралы шешім қабылдайды немесе жазбаша түрде дәлелді бас тартуды ұсынады. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруден бас тарту үшін:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттардың болмауы;
Тармақша 2
2) ұсынылған құжаттардың дұрыс еместігінің анықталуы негіз болып табылады.
Тармақ 9
9. Үлгілік жобалар бойынша тұрғын үй салу және сатып алу бюджеттен тыс қаражаттан қаржыландырылады. Бекітілген үлгілік жобалардың құны мен ауданынан асып кеткен жағдайда қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бюджеттен тыс көздер есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Төтенше жағдайдың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтары тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі комиссия айқындаған елді мекендердің аумағында жергілікті атқарушы органның сатып алып, кейіннен өздеріне заңнамада белгіленген тәртіппен беруі үшін тұрғын үй іздеуді өздері жүзеге асыруға рұқсат етіледі. Сатып алынатын тұрғын үйдің құны бекітілген үлгілік жобадан аспауға тиіс.
Тармақ 11
11. Тұрғын үй алған Қазақстан Республикасы азаматтарының тізімі Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның шешімі қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жергілікті атқарушы органның интернет-сайтында және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиіс.
Басқа 1.2. Тұрғын үй беру туралы өтініш
Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру қағидаларына 1-қосымша Кімге ________________________ (комисия төрағасының Т.А.Ә. (бар болса) кімнен _______________________ (Т.А.Ә. (бар болса) _____________________________ (тұратын) тел. _________________________ Тұрғын үй беру туралы өтініш Сізден маған_____________________________________________________ (оқиғаның сипаты көрсетіледі) Төтенше жағдай салдарынан қираған тұрғын үйдің орнына тұрғын үй беруіңізді сұраймын. Алушының ЖСН _____________________________________________________________________ Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі: 1. _____________________________________________________________________ 2. _____________________________________________________________________ 3. _____________________________________________________________________ 4. _____________________________________________________________________ 20____ж. "____" ______________ Өтініш иесі _____________________________Т.А.Ә. (бар болса) (күні, айы, жылы, қолы)