О содержании государственной противопожарной службы и осуществлении государственного пожарного надзора на объектах 4-й группы Күшін жойған
Басқа 0
«Мемлекеттік өртке қызметті
ұстау және 4-топтағы объектілерде
мемлекеттік өрт бақылауды жүзеге
асыру туралы»
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2004.05.14 N 44 шешімімен.
Ағымдағы жылдың сегіз айында 3097 өрт болды, өрттен 95 адам қаза тапты, 116 адам жарақат алды. Өртшілер 1532 адамды құтқарды, 78 апатты жоюға қатысты.
Сонымен қатар, мемлекеттік өртке қарсы қызметтің іс-әрекетінде өрт сөндіруді және бірінші кезекті апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бермейтін елеулі қаржылық қамтамасыз ету проблемалары пайда болды.
Соңғы алты жылда бірде-бір өрт машинасы сатып алынсаған. Қазіргі өртке қарсы техниканың 80 % -інен астамы пайдалану мерзімінен артық жұмыс істейді және өзінің техникалық жағдайды бойынша есептен шығарылуға жатады.
Арнайы от сөндіріш құралдар (көбік құрағыштар, от сөндіріш ұнтақ), химпоглотитель жоқ, қосалқы бөлшектер, автошиндер, радиобайланысы құралдары, оттекті-оңашалау противогаздары жепіспейді. Жеке құрама жауынгерлік киіммен және нысанды киіммен қамтамасыз етілмеген.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет өз қызметін орындай отырып елеулі шығындар жұмсайды, олардың орынын ешкім толтырмайды.
Көптеген шаруашылық жүргізу субъектілері Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңын бұзушылыққа барады, ведостволық бағыныстағы өрт бөлімшелерін ұстамайды, немеме мемлекеттік өртке қарсы қызметпен бөлімшелер құру мен ұстауға шарттар жасамайды. Бірқатар кәсіп орындар өрт бөлімшелерін ұстаудан бас тартты, нәтижесінде облыста өртшілер саны 437 адамға кеміді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1345 шағын объектілерді (киоскілер, автотұрақтар және т.б.) өрттен қорғау деңгейін арттыру туралы Қаулысын орындау үшін паспорттар беру жөніндегі жұмыстар басталмаған.
Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заң жүзеге асыру мақсатында:
Тармақ 1
1. Меншік нысанына қарамастан ұйымдар, жеке кәсіпкерлер Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңының 25 бабына сәйкес техникаларымен және тәуліктік жауынгерлік кезекшілігімен ведомстволық (меншік) өрт сөндіру бөлімшелерін құруды және ұстауды қамтамасыз етсін, немесе мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерін ұстауға шарттар жасасын.
Тармақ 2
2. Облыстың мемлекеттік өртке қарсы қызметі (Н.П.Поздин) тұрғын үйлердегі, жатақханалар ғимараттарындағы, бюджет қаржысы есебінен ұсталатын мекемелердің ғимараттары мен құрылыстарында мекпетпердегі, мекпеп жасына дейінгі балалар мекемелеріндегі, ауруханадағы өртерді меншік нысанына қарамастан ақысыз сөндіру қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыстың мемлекеттік өртке қарсы қызметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1345 Қыулысы Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 14 шілдедегі № 3036 «Кәсіпкерлік қызмет бостандығына мемлекеттік кепілдемен жүзеге асырудың қосымша шаралары туралы» Қаулысын орындау үшін өрт қауіпсіздігін арттыру мақсатында жыл сайын 4-топ объектілер (тізбесі тіркелген) паспорттар беруді ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Облыстың мемлекеттік өртке қарсы қызметі 4-топтағы объектілерді паспорттары жарамды кезенде өрт бойынша тексеруден басқа өрт-техникалық зеттеулер жүргізуге жол бермесін.
Тармақ 5
5. Қалалар мен аудандар әкімдері 4-топтағы объектілердің өртке қарсы жағдайы паспорттарынсыз жұмыс істеулеріне тиым салсын.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.А.Мазитовқа жүктелсін.
Басқа 7. Қосымша
Өрт қауіпсіздігі бойынша 4-топқа жатқызылған объектілер
ТІЗБЕСІ
(ҚР ТЖМК-нің 1997 жылғы 18 маусымдағы № 141
бұйрығы негізінде дайындалған)
Облыс әкімінің
1977 жылғы 06 қазандағы
№ 106 шешіміне
Қосымша
Өрт қауіпсіздігі бойынша 4-топқа жатқызылған объектілер
ТІЗБЕСІ
(ҚР ТЖМК-нің 1997 жылғы 18 маусымдағы № 141
бұйрығы негізінде дайындалған)
-aшақ автотұрақтар, жеке меншік гараждар және бір қабатты жер үстіндегі және жер астылық гараждар кооперативтері;
-10 қабатты тұрғын үйлер;
-жеке тұрған, жеке немесе блокталған жалпы алаңы 20 м2-қа дейінгі сауда павильондары, жөндеу шеберханалары, қабылдау пунктері, валюта айырбастау пунктері;
-халық тұтынатын товарлар сататын контейнелер, соның ішінде базарлар аумағында орналасқандарды;
-жеке тұрған және тұрғын үйлерге жапсарлас салынған аумағы 250 м2-қа дейінгі сауда, тұрмыстық қызмет, тамақтандыру кәсіпорындары, ойын мекемелері, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, кітапханалар, дәріханалар, медициналық бөлмелер, банктер бөлімдері, АҚАТ-тар, сурет шеберханалары, салтанат залдары, сүт кухнялары, музейлер мен көрмелер;
-тұрғын үй ғимараттары мен құрылыстарына жапсарлас-енгізіп салынған аумағы әртүрлі: офистер, аудио-видео жазу және жалға беру пунктері, валюта айырбастау пунктері, диспечерлік пунктер, байланыстың сөйлесу пунктері, пошталар, телеграфтар, фотосалондар.