Об оказании дополнительной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Каргалинского района в связи с 40-й годовщиной ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарғалы ауданының кейбір әлеуметтік жағынан мұқтаж санаттағы азаматтарына Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюдың 40-жылдығына байланысты қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 33-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, «Ардагерлер туралы» Заңының 6, 8 баптарына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюдың 40-жылдығына байланысты (2026 жылғы 26 сәуір) келесі санаттағы азаматтарға 100 000 (жүз мың) теңге көлемінде қосымша әлеуметтік көмек көрсету:
Тармақша 1
1) 1986–1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға, басқа радиациялық апаттар мен азаматтық немесе әскери объектілердегі апаттарға қатысқан, сондай-ақ тікелей ядролық сынақтарға қатысқан тұлғалар;
Тармақша 2
2) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, басқа радиациялық апаттар мен азаматтық немесе әскери объектілердегі апаттар, ядролық сынақтар салдарынан мүгедектігі анықталған тұлғалар және олардың мүгедектігі ата-анасының радиациялық сәулеленуіне байланысты генетикалық түрде туындаған балалар;
Тармақша 3
3) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жою кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасылары және басқа радиациялық апаттар мен азаматтық немесе әскери объектілердегі апаттар салдарынан қаза тапқан тұлғалардың отбасылары;
Тармақша 4
4) сәулелік аурудан қаза болған немесе мүгедектігі бар тұлғалардың отбасылары, сондай-ақ олардың өлімі ресми түрде Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, басқа радиациялық апаттар мен азаматтық немесе әскери объектілердегі апаттар және ядролық сынақтардың әсерімен байланысты деп танылған азаматтар;
Тармақша 5
5) 1988–1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан, Қазақстан Республикасына эвакуацияланған (өздігінен көшіп барған) тұлғалар, соның ішінде эвакуация кезінде аналық құрсақта болған балалар.
Тармақ 2
2. Қосымша әлеуметтік көмек мемлекеттік «Карғалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мекемесі арқылы алушылардан өтініштер талап етпей, Қарғалы ауданы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АҚ филиалының тізімдері негізінде көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Карғалы ауданының жергілікті бюджеті қаржыландыру көзі болып анықталсын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.