Жаңалық ауылындағы Жеңістің 40 жылдық көшесінің атауын Шатырбай Бәтенов көшесі атауына өзгерту туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жаңалық ауылындағы Жеңістің 40 жылдық көшесінің атауын Шатырбай Бәтенов көшесі атауына өзгерту туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып Жаңалық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жаңалық ауылындағы Жеңістің 40 жылдық көшесінің атауы Шатырбай Бәтенов атындағы көшеге қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау және іс жүзіне асыру Жаңалық ауылдық округінің бас маман – іс жүргізушісі Г.Ыдырышбаеваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.