Тастөбе ауылындағы Жеңістің 40 жылдығы көшесінің атауын өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Тастөбе ауылындағы Жеңістің 40 жылдығы көшесінің атауын өзгерту туралы
Тастөбе ауылындағы Жеңістің 40 жылдығы көшесінің тұрғындарының пікірін ескере отырып және «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Көлқайнар селолық округіне қарасты Тастөбе ауылындағы Жеңістің 40 жылдығы көшесінің атауы Ұлы Отан соғысының ардагері Молдабек Бөгенбаев атындағы көшесі болып өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.