О внесении изменения в решение 41 сессии Нуринского районного маслихата от 16 ноября 2011 года № 388 "Об оказании дополнительной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан" Қолданыста
Басқа 0
Нұра аудандық мәслихатының 2011 жылғы 16 қарашадағы 41 сессиясының "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 388 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Нұра аудандық мәслихатының 2011 жылғы 16 қарашадағы 41 сессиясының "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 388 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-14-156 болып тіркелген, "Нұра" газетінің 2011 жылғы 17 желтоқсандағы N 51 (5237) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
Тармақ 1
"1. Қосымша әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың санаттары бекітілсін:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары;
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалар;
Тармақша 3
3) мүгедектер;
Тармақша 4
4) мүгедек балалар;
Тармақша 5
5) аз қамтылған азаматтар;
Тармақша 6
6) көп балалы аналар;
Тармақша 7
7) фтизиатрда тіркеуде тұрған туберкулезбен ауыратын науқастар.".
Тармақ 2
2. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету шығындары "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" 451007 бағдарламасы бойынша аудандық бюджетінде қарастырылған қаржы шегінде қаржыландырылады.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени дамуы және халықты әлеуметтік қорғау бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін (Гаевская Т.А.).
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Нұра ауданының жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекеменің бастығы
________________ Г. Жүпенова
16 сәуір 2012 жыл