Салық Кодексінің 422-бабының 2-тармағы бойынша 2010 жылғы салық ставкаларының мөлшерін бекiту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Салық Кодексінің 422-бабының 2-тармағы бойынша 2010 жылғы салық ставкаларының мөлшерін бекiту туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Кодексін (Cалық кодексі) және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабын және аудан әкімдігінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 343 қаулысын басшылыққа алып, Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТI:
Тармақ 1
1. Аудан көлемінде айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері жалғанған № 1 қосымшаға сай бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № XVI-5 қаулысына қосымша № 1 2010 жыл үшін айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың ставкасы Рет № Салық салу объектісінің атауы Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең төменгі мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең жоғары мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) Белгіленген бірыңғай тіркелген салық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) 1 2 3 4 5 1 Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы 1 12 5 2 Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы 1 18 10 3 Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер 1 4 2 4 Ойын жолы (боулинг (кегельбан) бойынша) 5 83 50 5 Карт (картинг бойынша) 2 12 6 6 Бильярд үстелі 3 25 20 Ескертпе: 2010 жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 1413 теңге.