О внесении изменений и дополнений в решение 44 сессии Темиртауского городского маслихата от 14 марта 2003 года № 44/7 «Об утверждении ставок платы на размещение объектов наружной рекламы и информации» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Teміртау қалалық мәслихаттың 2003 жылғы 14 наурыздағы 44 сессиясының № 44/7 «Сыртқы жарнама және ақпараттық обьектілерді орналастыруға ақы төлеу ставкасын бекіту туралы» шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексіне сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ETTI:
Тармақ 1
1. Теміртау қалалық мәслихаттың 2003 жылғы 14 наурыздағы 44 сессиясының №44/7 «Сыртқы жарнама және ақпараттық обьектілерді орналастыруға ақы төлеу ставкасын бекіту туралы» (тіркеу нөмірі-1160, «Зеркало» газетінің 2003 жылғы 14 мамырдағы 20-нөмірінде жарияланған) шешіміне келесі өзгертулер енгізілсін:
Тармақша 1
1) көрсетілген шешімнің 2 қосымшасы келесі мәтіндегі 10 қатармен толықтырылсын: « 10 СЖАО-100.1 және одан жоғары (жер үстіндегі, қабырғадағы, үй төбесіне орналастырылған лайтбокстар) 25 7 »;
Тармақша 2
2) 8 қатар алынып тасталсын;
Тармақша 3
3) 9 қатар алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика, өндіріс және қызмет көрсету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оны бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енеді. КЕЛІСІЛДІ Теміртау қаласы боыйнша салық комитеті төрағасы ___________________ А. Орынбеков «6» ақпан 2007 ж.