О внесении изменения в решение 45 сессии Темиртауского городского маслихата от 19 октября 2015 года № 45/5 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества поселка Актау» Күшін жойған
Басқа 0
Теміртау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 19 қазандағы 45 сессиясының № 45/5 «Ақтау кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Теміртау қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Теміртау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 19 қазандағы 45 сессиясының № 45/5 «Ақтау кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3514 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 қарашада жарияланған, 2016 жылғы 02 желтоқсандағы № 48 (344) «Вечерняя Караганда» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтау кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасының 10-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны «Ақтау кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне береді.».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Теміртау қаласының әкімі
___________ Ғ.Әшімов
« 26 » желтоқсан 2016 жыл
КЕЛІСІЛДІ
Ақтау кентінің әкімі
___________ А.Бегенеев
« 26 » желтоқсан 2016 жыл