О внесении изменений и дополнения в решение 49 сессии Бухар-Жырауского районного маслихата от 12 декабря 2011 года № 5 "О предоставлении в 2012 году мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Бухар-Жырауского района" Қолданыста
Басқа 0
Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2011 жылғы 12 желтоқсандағы 49 сессиясының "Бұқар жырау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын 2012 жылы ұсыну туралы" N 5 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
"Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 18 бабының 8 тармағына сәйкес Бұқар жырау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТI:
Тармақ 1
1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2011 жылғы 12 желтоқсандағы 49 сессиясының "Бұқар жырау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын 2012 жылы ұсыну туралы" N 5 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 8-11-130 болып тіркелген, "Сарыарқа" аудандық газетінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы N 2 санында жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбындағы және 1 тармақтағы "және спорт" деген сөздер ", спорт және ветеринария" деген сөздермен ауыстырылсын;
1 тармақ "сатып алу" деген сөзден кейін "немесе салу" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.