Об установлении права целевого пользования (публичный сервитут) товариществу с ограниченной ответственностью «КОКШЕТАУ ЭНЕРГО» сроком на 49 лет Қолданыста
Басқа 0
«КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 49 жыл мерзімге нысаналы пайдалану құқығын (жария сервитут) белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және «КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» ЖШС-нің 2026 жылғы 4 ақпандағы өтініші негізінде, округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Нежин ауылдық округі, Нежинка ауылы аумағында орналасқан, электрмен жабдықтау нысандарына және тарайтын әуе желілеріне қызмет көрсету үшін жалпы ауданы 0,1900 га, жалпы ұзындығы 12,09 км жер учаскесіне «КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 49 жыл мерзімге шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (жария сервитут) белгіленсін.
Тармақша 1
1) жалпы ауданы 0,0250 га жер учаскесіне, ЖТҚС 4-1 электрмен жабдықтау нысанына және ұзындығы 1,84 км ӘЖ -0,4кВ тарайтын әуе желісіне қызмет көрсету үшін;
Тармақша 2
2) жалпы ауданы 0,0410 га жер учаскесіне, ЖТҚС 4-2 электрмен жабдықтау нысанына және ұзындығы 2,61 км ӘЖ -0,4кВ тарайтын әуе желісіне қызмет көрсету үшін;
Тармақша 3
3) жалпы ауданы 0,0380 га жер учаскесіне, ЖТҚС 4-3 электрмен жабдықтау нысанына және ұзындығы 2,31 км ӘЖ -0,4кВ тарайтын әуе желісіне қызмет көрсету үшін;
Тармақша 4
4) жалпы ауданы 0,0570 га жер учаскесіне, ЖТҚС 4-4 электрмен жабдықтау нысанына және ұзындығы 3,6 км ӘЖ -0,4кВ тарайтын әуе желісіне қызмет көрсету үшін;
Тармақша 5
5) жалпы ауданы 0,0290 га жер учаскесіне, ЖТҚС 4-6 электрмен жабдықтау нысанына және ұзындығы 1,73 км ӘЖ -0,4кВ тарайтын әуе желісіне қызмет көрсету үшін.
Тармақ 2
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.