Об установлении права целевого пользования (публичный сервитут) товариществу с ограниченной ответственностью «КОКШЕТАУ ЭНЕРГО» сроком на 49 лет Қолданыста
Басқа 0
«КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 49 жыл мерзімге нысаналы пайдалану құқығын (жария сервитут) белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және «КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» ЖШС-нің 2026 жылғы 3 ақпандағы өтініші негізінде, округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Бірлік ауылдық округі, Бірлік ауылы аумағында орналасқан, электрмен жабдықтау нысандарына және тарайтын әуе желілеріне қызмет көрсету үшін жалпы ауданы 0,0790 га, жалпы ұзындығы 4,915 км жер учаскесіне «КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 49 жыл мерзімге шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (жария сервитут) белгіленсін.
Тармақша 1
1) жалпы ауданы 0,0310 га жер учаскесіне, ЖТҚС 2-2 электрмен жабдықтау нысанына және ұзындығы 1,97 км ӘЖ -0,4кВ тарайтын әуе желісіне қызмет көрсету үшін;
Тармақша 2
2) жалпы ауданы 0,0120 га жер учаскесіне, ЖТҚС 2-3 электрмен жабдықтау нысанына және ұзындығы 0,84 км ӘЖ -0,4кВ тарайтын әуе желісіне қызмет көрсету үшін;
Тармақша 3
3) жалпы ауданы 0,0300 га жер учаскесіне, ЖТҚС 2-6 электрмен жабдықтау нысанына және ұзындығы 1,755 км ӘЖ -0,4кВ тарайтын әуе желісіне қызмет көрсету үшін;
Тармақша 4
4) жалпы ауданы 0,0060 га жер учаскесіне, ЖТҚС 2-10 электрмен жабдықтау нысанына және ұзындығы 0,35 км ӘЖ -0,4кВ тарайтын әуе желісіне қызмет көрсету үшін;
Тармақ 2
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.