О предоставлении права ограниченного целевого пользования земельным участком (публичный сервитут) сроком на 49 лет коммунальному государственному учреждению «Отдел архитектуры, строительства, жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемеге 49 жыл мерзімге жер учаскесін нысаналы пайдалану (қауымдық сервитут шектеулі құқық беру туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Бірлік ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Бірлік селолық округі, Старобелка ауылы мекенжайы бойынша орналасқан су құбырына қызмет көрсету үшін ауданы 1,770 га жер учаскесін (жария сервитут) шектеулі нысаналы пайдалану құқығы қосымшаға сәйкес бекітілсін. Жер учаскесі "Көкшетау Энерго" ЖШС ЭБЖ жанында орналасқан.
Тармақ 2
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте және шарттарда жер учаскесін шектеулі нысаналы пайдалану құқығына құқық белгілейтін құжатты (қауымдық сервитут) ресімдесін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.