Об установлении права ограниченного целевого пользования (публичного сервитута) товариществу с ограниченной ответственностью «Кокшетау Энерго» сроком на 49 лет Қолданыста
Басқа 0
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке шектеулі нысаналы пайдалану құқығын (жария сервитут) белгілеу туралы "Көкшетау Энерго" 49 жыл мерзімге
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Тахтаброд ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. "Көкшетау Энерго" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне электрмен жабдықтау объектілеріне қызмет көрсету үшін Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Тахтаброд ауылдық округі, Тахтаброд ауылы мекенжайында орналасқан жалпы ауданы 0,1580 гектар, 49 жыл мерзімге жер учаскесіне жария сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.