О порядке и условиях размещения 49 процентов акций Центрального депозитария между профессиональными участниками рынка ценных бумаг Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Орталық депозитария акцияларының 49 процентiн бағалы қағаздар нарығының кәсiпқой қатысушылары арасында орналастырудың ретi мен шарттары туралы" 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитеті төрағасының 2005 жылғы 5 сәуірдегі N 111 бұйрығымен. Бұйрықтан үзінді "Заңға тәуелдi кесiмдердi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 20 наурыздағы N 77-ө өкiмiн орындау үшiн, мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық кесiмдердi Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес келтiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру мәселелерi жөнiндегi кейбiр нормативтiк құқықтық кесiмдердiң күшi жойылды деп танылсын...
Тармақ 3
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетінің 2005 жылғы 5 сәуірдегі N 111 бұйрығына қосымша Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру мәселелерi жөнiндегi күшi жойылған кейбiр нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi
Тармақ 20
20. "Орталық депозитарий акцияларының 49 пайызын бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларының арасында орналастыру тәртiбi мен ережелерi туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1996 жылғы 9 қыркүйектегi N 593, Қазақстан Республикасы Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1996 жылғы 9 қыркүйектегi N 433 және Қазақстан Республикасының Бағалық қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 9 қыркүйектегi N 98 бiрлескен қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде N 218 нөмiрiмен тiркелген)... Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Орталық депозитария туралы, бағалы қағаз ұстаушылардың тiркелiмiн жүргiзу қызметi туралы, кастодиаль қызметi туралы Ереженi бекiту туралы" 1996 жылғы 29 шiлдедегi N 944 P960944_ Қаулысын орындау үшiн, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi және Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы қаулы етедi : Орталық депозитария акцияларын бағалы қағаздар нарығын кәсiпқой қатысушылары арасында орналастырудың берiлiп отырған рет-жөнi бекiтiлсiн.
Тарау 1. Орталық депозитария акцияларының мемлекеттiк пакетiн бағалы қағаздар нарығының кәсiпқой қатысушылары арасында орналастырудың ретi
Орталық депозитария акцияларының мемлекеттiк пакетiн бағалы қағаздар нарығының кәсiпқой қатысушылары арасында орналастырудың ретi Осы құжат Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Орталық депозитария туралы, бағалы қағаздар ұстаушылар тiркелiмiн жүргiзу қызметi туралы, кастодиаль қызметi туралы" Ережелердi бекiту туралы" 1996 жылғы 29 шiлдедегi N 944 Қаулысына сәйкес жасалған және жарғы қорының 49 процентi мөлшерiнде Орталық депозитария акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Депозитарийлар) акцияларының мемлекеттiк пакетiн орналастыру ретiн айқындайды.
Тарау 2. 2. Сатып алушылар және акционерлер
2. Сатып алушылар және акционерлер
Тармақша а
А) Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының қолданыстағы лицензиялары бар бағалы қағаздар нарығының кәсiпқой қатысушылары-тек заңды тұлғалар Депозитария акционерлерi болуы мүмкiн.
Тармақша б
Б) Депозитария акцияларын сатып алушылар: - бағалы қағаздар нарығының кәсiпқой қатысушылары; - лицензиялары тiркелiп немесе қайта тiркелiп жатқан тұлғалар; - сату мерзiмiнен жақын арадағы үш ай iшiнде лицензия алмақшы тұлғалар болуы мүмкiн.
Тармақша в
В) Акцияларды өткiзу "бiр кәсiпқой қатысушыға-Депозитарияның бiр акциясы" принципiмен жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3. Декларация акцияларын өткiзудiң ретi
3. Декларация акцияларын өткiзудiң ретi Депозитария акцияларын өткiзу барысы мына ретпен жүзеге асырылады: - Депозитария акцияларын сатып алу сұранысын айқындау және өтiнiмдердi тiркеу; - өткiзiлетiн акциялар санын есептеу; - акциялар өткiзу.
Тарау 4. 4. Депозитария акцияларын сатып алу сұранысын айқындау
4. Депозитария акцияларын сатып алу сұранысын айқындау Депозитария акцияларын сатып алу сұранысы мына әдiс бойынша айқындалады:
Тармақша а
А) Депозитария акцияларының мемлекеттiк пакетiн өткiзу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ресми хабарланғаннан кейiн, оларды алуға тiлек бiлдiрушiлер өтiнiмдердi қабылдаудың белгiленген мерзiмi аяқталғанға дейiн, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi Ұлттық комиссиясы айқындаған, өтiнiм қабылдайтын орындардың бiреуiнде, белгiленген үлгiмен толтырылған өтiнiмдерiн бередi.
Тармақша б
Б) Өтiнiм қабылдайтын орындар қабылдау аяқталғаннан кейiн бiр апта мерзiмде өтiнiмдердi Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясына берудi қамтамасыз етедi.
Тарау 5. 5. Өткiзiлетiн акциялар санын есептеу
5. Өткiзiлетiн акциялар санын есептеу Есептеудiң мақсаты - Депозитарияның айналымға шығарылатын акциялар санын айқындау. Мұнда бағалы қағаздар нарығының кәсiпқой қатысушыларына Депозитария жарғы қорының 49 процентi мөлшерiнде акциялардың мемлекеттiк пакетi өткiзiлетiн болады. Бұл үшiн Ұлттық комиссия қабылданған өтiнiмдер санына қарап, акция сатып алушылардың есептi санын айқындайды. Сатып алушылар саны туралы мәлiмет Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берiледi. Ол алынған деректер негiзiнде құжаттар ресiмдейдi және Депозитарияның айналымға шығарылған акцияларын көрсетiлген құнымен және санымен тiркеуге тапсырады. Мұнда сатып алушылар Депозитария акцияларының 49 процентiн иеленедi.
Тарау 6. 6. Депозитария акцияларын өткiзу
6. Депозитария акцияларын өткiзу
Тармақша а
А) Айналымға шығарылған Депозитария акциялары тiркелгеннен кейiн, бағалы қағаздар нарығының кәсiпқой қатысушыларына өткiзуге арналған акциялардың есептiк саны Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне өткiзiледi. Ол акциялардың айқындалған құнын көрсетiп, өтiнiм берген жақтарға Депозитария акцияларын алуға шақырту жiбередi.
Тармақша б
Б) Акцияның құны толық төленген кезден ол өткен болып есептеледi. Бұл Депозитарияның бағалы қағаздарын ұстаушылардың тiркелiмiнде көрсетiледi.
Тармақша в
В) Егер өтiнiм берген жақ үш ай iшiнде Депозитария акциясына ақы төлемеген және бағалы қағаздар нарығының кәсiпқой қатысушысының лицензиясын алмаған жағдайда, оның өтiнiмi жойылады.
Тарау 7. 7. Депозитария акцияларын бұдан кейiнгi өткiзу
7. Депозитария акцияларын бұдан кейiнгi өткiзу
Тармақша а
А) Депозитария акциясын уақытында алмаған немесе сатылып болғаннан кейiн қатысқан кәсiпқой қатысушы арыз берген кезiндегi баланстық құнымен Депозитария акциясын алуға құқы бар.
Тармақша б
Б) Егер бағалы қағаздар нарығының кәсiпқой қатысушыларына өткiзуге жататын акциялар бұған дейiн өткiзiлiп қойған жағдайда, кәсiпқой қатысушылардың Депозитария акцияларын алуға берген кейiнгi арыздары мемлекетке тиесiлi акцияларды қосымша сату немесе Депозитария акцияларын жаңадан айналымға шығару есебiнен қанағаттандырылады. Мемлекетке тиесiлi Депозитария акцияларын қосымша сату Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерi негiзiнде жүзеге асырылады. Депозитария акцияларын қосымша айналымға шығару туралы шешiм қолданыстағы заңға сәйкес қабылданады.
Тарау 8. 8. Депозитария акцияларын ұстаушылардың тiркелiмi
8. Депозитария акцияларын ұстаушылардың тiркелiмi Депозитария акцияларын ұстаушылар тiркелiмiн Депозитарияның өзi жүргiзiп отырады. Орталық депозитария акцияларын сатып алуға берiлетiн Өтiнiм 1. Заңды тұлға _______________________________________________ атауы 2. Ұйымдық-құқықтық тұрпаты___________________________________ 3. Тiркелген _________________________________________________ (тiркелу кезi, куәлiк N, орган) 4. ОКПО коды __________________ РНН коды __________________ 5. Бағалы қағаздар нарығындағы кәсiптiк қызметi. Қызмет түрi Лицензия - тiркеушi - " " _____________N бар - делдал - тiркеу, қайта тiркеу жағдайында - кастодиум - ойластырылып отыр 6. Почта мекен-жайы: Елi: ______________________ Индекс _______________________ Облысы ____________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ 7. Бiрiншi басшы _____________________________________________ (Аты-жөнi) Бас бухгалтер_________________________________________________ (Аты-жөнi) ______________________________________________________________ Осы арқылы Орталық депозитария акциясын алуға тiлек бiлдiремiз. Сатудың шарттарымен және Орталық депозитария туралы Ережемен таныстық. Бiрiншi басшы _______________________ (қолы) Бас бухгалтер _______________________ (қолы) Мөрi ______________________________________________________________ Қол қою парағы қабылданды 1996 ж " " ______________ Қол қою парақтарын қабылдау орыны ________________________ Мөрi Өкiлеттi тұлға ____________________ ______________ (аты-жөнi) (қолы) (жырту сызығы) ______________________________________________________________ (жаздырып алушы алады) Заңды тұлға __________________________________________________ (атауы) Қол қою парағы қабылданды 1996 ж " " ______________ Қол қою парақтарын қабылдау орыны ________________________ Мөрi Өкiлеттi тұлға ____________________ ______________ (аты-жөнi) (қолы)