Об установлении права целевого пользования (публичный сервитут) товариществу с ограниченной ответственностью «КОКШЕТАУ ЭНЕРГО» сроком на 49 лет Қолданыста
Басқа 0
«КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 49 жыл мерзімге нысаналы пайдалану құқығын (жария сервитут) белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және «КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» ЖШС-нің өтініші негізінде округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Электрмен жабдықтау нысандарына және тарайтын әуе желілеріне қызмет көрсету үшін жалпы ауданы 0,0324 га жер учаскесіне «КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 49 жыл мерзімге шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (жария сервитут) белгіленсін.
Тармақша 1
1) Солтүстік Қазақстан облысында, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Бірлік ауылдық округі, Бірлік ауылы, Арасан көшесі, Достық көшесі, Ключевая көшесі, Школьная көшесі, Западный тұйық көшесі орналасқан жалпы ауданы 0,0228 га жер учаскесіне, ЖТҚС -10/0,4 кВ № 2-9 электрмен жабдықтау нысанына ӘЖ-0,4кВ тарайтын әуе желісіне қызмет көрсету үшін;
Тармақша 2
2) Солтүстік Қазақстан облысында Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Бірлік ауылдық округі, Бірлік ауылы, Киров көшесі, Торговый тұйық көшесі, Приишимская көшесі, Спорт тұйық көшесі орналасқан жалпы ауданы 0,0096 га жер учаскесіне, ЖТҚС-10/0,4 кВ №2-8 электрмен жабдықтау нысанына ӘЖ-0,4кВ тарайтын әуе желісіне қызмет көрсету үшін;
Тармақ 2
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.